Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио

Бір актілі балет
Авторлар мен қоюшылар:
Музыка
– Игорь Стравинский (Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио)
Хореография – Джордж Баланчин
Қойған – Пол Бус


«Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио» («Лағыл») – «Асыл тастар» спектаклінің
бір бөлімі. Ол әлемнің жетекші театрларының репертуарынан орын алған. Әйгілі
хореограф, Нью-Йорк Сити Балет негізін қалаған Джордж Баланчин «Van Cleef &
Аrpels» зергерлік бұйымдарынан шабыт алып, асыл тастар жайлы балетті шығарған. Бұл
туындысында ол өзінің өмір өткелерін паш етіп, шығармашылық жолының әр кезеңіне
қатысты асыл сезімін сипаттап берген. Игорь Стравинскийдің музыкасына қойылған
«Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио» - ішкі қуаты ғажайып, шат-шадыман әрі
динамикалық балет. Сахнадағы әрекеттің эмоционалды қуаты басым, мұнда
құштарлықтың сан сатысы суреттеледі. Қойылым Джордж Баланчин қорымен
шығармашылық ынтымақта және оның стилі мен техникасына сәйкес жасалған.
Премьера - 2021 жылғы 27-28 қарашада, "Астана Балет" театры, Нұр-Сұлтан