Instinct

Бір актілі балет

Музыка – Паскаль ле Беф, Ричард Мур, Трио Жака Лусье
Хореограф – Дэвид Джонатан
Костюмдер – Паула Роза Сантана
Жарық – Роберт Даутов

«Instinct» - Театрдың жетекші солисті Дэвид Джонатанның алғашқы бір актілі балеті, дегенмен, бірінші қойылымы емес. Балетмейстер ретінде ол Австралияның Батыс балеті мен Фландрия Корольдік балетінің труппаларымен ынтымақтастық байланыс жасаған. Балетмейстер би драмасын жасамайды, сюжетті баяндамайды. Орындаушылар сахнада XXI ғасыр қасіреті – өзара байланыстың бұзылуы, адамдардың көптігіне қарамастан, оқшаулану, жақындарыңнан алыстау сынды дүниелерді сипаттайды. Д.Джонатан сахна кеңістігіндегі әртістерді адам баласының ұшқыр қиялы секілді сан-түрлі етіп орналастырып, нақты жағдайға қарай ойдың сан бағытқа түсетіні секілді етіп өзгертіп отырады. Ал, осы қарапайып, бірақ, сан-қатпарлы ойдан бір қорытынды шығады: ғашықтар мен жақын-туыстар сөзсіз бірге болуы тиіс. Аралары алшақтаған сайын, олар түпсіз тұңғиық мұңға беріліп, шарасыз күй кешеді. Сахнадағы қимыл, әртістердің дене қозғалысы сан мәрте алмасып, неше түрлі кейіпке енеді. Бәрі ауа секілді өзгеріп, қозғалып отырады, бірақ, кейіпкерлер жалғыздықтан тұншығады. Бұл жалғыздық төпелеп келеді, сондықтан, кейіпкерлер де өздерін тастанды секілді сезінеді. Осы мәжбүрлі жетімдіктің аясында өзін-өзі сақтау инстинкті тұтанып, алдағы кездесу жайлы жаңа арман пайда болып, ғашық жүректер қайта табысар деген үміт оты лаулайды. «Бізді миллиардтаған шақырым мен мыңдаған жол айырып тұрғанын сеземін. Екеуіміз бір болып, кең әлемге құшақ жайған өткен шағымыз жайлы мұң сейілер емес. Сенсіз бұл жалғанның бояуы солғын, сен алыстаған сайын, айналам қараңғы түнекке айналды. Сенің жаныңда бола алмағандықтан, қашан кездеседі екенбіз, деп армандаумен келемін. Сенің жаныңда ғана өзімді бақытты сезінемін. Қашан қайта қауышар екенбіз?», - Дэвид Джонатан, қоюшы-балетмейстер.

Премьера - 30.10.2020 жылы, Астана Балет театры, Нұр-Сұлтан

Балет ұзақтығы 24 минут