In the Middle, Somewhat Elevated

Бір актілі балет

Музыка – Том Виллем, Лесли Стактың қатысуымен
Хореограф – Уильям Форсайт
Сценография, жарық және костюмдер – Уильям Форсайт
Қойған – Агнес Нолтениус

Қыл үстінде.

Уильям Форсайт – көпшілік мойындаған қазіргі заманғы кемеңгер-хореографтардың бірі. Ғасырлар тоғысында балеттің даму бағытын айқындаған балет саласындағы революцияны оның есімімен байланыстырады. Оның хореографиясы гравитацияның өзіне күмәнмен қарауға мәжбүр етіп, адам мүмкіндігінің шегіндегі өнер туындылары таңдай қақтырады. "In the Middle, Somewhat Elevated" 1987 жылы этуальдерге, яғни, Париж операсының жұлдыздары Сильви Гиллем, Изабэль Герэн, Лорана Илер мен Мануэля Легриге арнап шығарылған. Бұл "Impressing the Czar" атты төрт актілі балеттің екінші әрі ең танымал бөлігі.

«Хореография – тіл. Ол әліпбиге ұқсас, сол себепті, таныс сөздердің барлық әрпін айтуыңыздың қажеті жоқ. Тілдің маңызы – ол көрініс тапқан контекспен айқындалады. Ең бастысы – бұл тілде не айтқаныңыз емес, қалай айтқаныңыз маңызды». (У. Форсайт)

Премьера 2017 ж. 4-қараша, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан
Балет ұзақтығы 26 минут