«Астана Балет» театры Атырау қаласында!
5-6 шілде күндері «Ұлы Дала Мұрасы» атты концерттік бағдарламасы Атырау қаласының тұрғындарына ұсынылады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәтидің хореографиясымен өрілген бұл туынды – театрдың еліміздегі және шетелдегі өзіндік бойтұмарына айналған жоба.
Бағдарламаға халқымыздың бай мұрасына негізделген қазақ хореографиясының ең үздік үлгілері жинақталған. Көрермендер әсем қимылдармен бейнеленген дала аруының асқақ бейнесін, батырлардың қайсар рухын паш ететін екпінді билерді және бейбіт өмірдің қуанышын бейнелейтін бишілердің әсем биін тамашалай алады.
Билеттер: astanaballet.com