Ақтау қаласындағы гастрольдік сапар. Симфониялық концерт

10-11 шілде күндері «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі Ақтау қаласына қазақ және еуропа классикасын тоғыстырған арнайы бағдарламамен гастрольдік сапарға аттанады.

Бұл кеште ұлттық нақыш пен әлемдік музыкалық мұра ұштасқан шығармалар орындалады. Кеште қазақ композиторларының терең туындылары мен еуропалық симфониялық музыканың әйгілі жауһарлары орындалады. Бұл бір концертте әртүрлі музыкалық дәстүрлердің кездесіп, біртұтас әрі әсерлі дыбыс жиынтығын құрауына куә болатын сирек мүмкіндік. Дирижерлік тізгінде Арман Оразғалиев өнер көрсетеді.

Билеттер: astanaballet.com