Gaia

Бір актілі балет

Музыка – Хекель Таварес
Идея, хореография мен костюмдер – Рикардо Амаранте
Бейнебезендіру – Данияр Ыбыраев

Неоклассикалық мәнерде жасалған балет барысында көрермен қауым табиғи құбылыстардың күрделі, дегенмен, ынтызарлығыңды оятар әлеміне шомады. "Gaia" – Жер шары жайлы заманауи хореография тілімен баяндалған, жарқын әрі көңіліңді жадыратар оқиға. "Gaia" су, топырақ, от және ауа секілді төрт тағаннан тұратын Жердің бейнесі. Алайда, тағы біреуі бар. Онсыз Жер тынысын елестету мүмкін емес. Бұл – орман. Осы элементтердің әрқайсысы Жер бетіндегі тіршіліктің кепілі. Біріккен кезде, олар тұтасып, сезімтал әрі күшті, нәзік әрі қамқор Жер тәңіриясы "Gaia" негізін қалайды.

 

Премьера 2016 жылғы 11-ақпан, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан
Балет ұзақтығы 22 минут