«Bolero X»  «LOVE.FEAR.LOSS» «Falling angels»

«Bolero Х»

Қоюшы-балетмейстер, костюм суретшісі  – Шахар Биньямини (Shahar Binyamini), Израиль;

Музыка – Морис Равельдің «Болеро» шығармасы;

Қоюшы-балетмейстердің ассистенттері – Джозеф Кудра (Joseph Kudra), АҚШ, Наум Дор (Nahum Dor), Израиль;

Қойылымның музыкалық жетекшісі, дирижері – Арман Оразғалиев.

«Болеро X» – израильдік әртіс Шахар Беньяминидің хореографиясындағы заманауи би стиліндегі ауқымды қойылым. Бұл Морис Равелдің – гипноздық ырғағымен және шарықтау шегінің біртіндеп өсуімен танымал «Болеро» шығармасын ой елегінен қайта өткізу. 

Шамамен 50 биші қайталанып отыратын және ұжымдық қозғалыстар арқылы жеке тұлға мен топ арасындағы бірлікті, энергияны және қарым-қатынасты зерттейді. Хореография музыка шығармасының құрылымын сипаттап, әр екпіні шығарманың органикалық жалғасы іспетті ырғақты рәсімді жасайды.

«X» әріпі көбейту немесе қиылысу нүктесінің символы ретінде түсіндіріледі – өткен шақ пен осы шақ, жеке және ұжымдық, музыка мен қозғалыс түйісетін жер.

 

«Love. Fear. Loss» 

Музыка – Э. Пиаф, Ч. Дюмонта и Ж. Бреля в обработке Н. Чепуренко
Идея, хореография мен костюмдер - Рикардо Амаранте

Балет Эдит Пиафтың ғажайып өмірінен нәр алып, оның музыкасы мен әндеріне негізделген. Балеттегі әрбір дуэт махаббат, айырылып қалу қаупі мен үрейге толы сезімдерді айшықтайды. Әйгілі әншінің әндерінде оның тағдыры көрініс тапқан. Бірақ, бәрі бір арнаға тоғысқан Пиаф әндері махаббат ұранына айналды. «Махаббат ұраны» әні кез-келген адам секілді, Пиафтың да сезімге алғаш еліткен шақтағы буырқанған сезімін суреттейді. Уақыт өте оның әндерінде ғашық жандардың екеуара түсінісуден қалып жататыны айтылып, мұңлы сарын басым болады. Осы сезімдер «Тастама мені» әнінде берілген. Соңында – «Жаратқан ием!» әні шырқалады. Ол Эдит Пиаф күйеуінің мезгілсіз қаза табуына байланысты шығарылған. Сүйікті жарыңыздан айырылған кезде дүниенің қызығы қалмай, бойыңызды тек үрей билейді. Осындай трагедияға ұласқан ұлы махаббат дастаны әншінің ішкі тебіренісін жеткізеді.

 

Жолдан тайғандар

Музыка – Стивен Райх

Хореография – Иржи Килиан

Қоюшы – Стефан Жеромски

30 жылдан астам уақыт бойы әлемнің үздік сахналарында көрсетіліп жатқан, чех балетмейстері Иржи Килианның бұл туындысы "Қара және ақ" атты балетінің бір бөлімі. Килиан спектакльдерін репертуарына қосуға әлемнің үздік театрларының бәрі асық. Ал, бишілер оның хореографиясын орындауды абырой санайды. 

Иржи Килиан хореографиясы мен Стивен Райхтың дауылпаз композициясының үндестігінің нәтижесінде сегіз балеринаның ғажайып биі пайда болды. Ал, хореографтың өзі "Falling Angels" - біздің мамандық туралы балет" дейді. Бір атап өтерлігі, оның туындысы ғажайып музыкалық әуездігімен, монохромдық эстетикасымен және бидің әлемдік деңгейімен ерекшеленеді. Килианның балеті - сан-түрлі сезімдердің бұлқынысы іспетті: сезімтал әрі ғажайып би пластикасы өн бойыңызды баурап әкетеді.