«Махаббат туралы аңыз»
3 көріністі балет
Хореограф: Юрий Григорович
Музыка - Ариф Меликов
Сценография мен костюмдер - Симон Вирсаладзе
«Махаббат туралы аңыз» - ғасырлар қойнауынан жеткен ертегі. ол Шығыстың аптап ыстық елінде пайда болып, талай әдеби өңдеуден өткен. көрермен қауым бұл спектакльді алғаш, осыдан 58 жыл бұрын Мариин театрында көрген еді.
Сюжет негізіне апалы-сіңілі Мехмене Бану мен Шырын жайлы байырғы шғыс аңызы алынып отыр. олар сарай суретшісі Фархатқа ғашық. шырын бозбаланың жүрегін баурап алады. ал, Мехмене Бану үшін бұл мүмкін емес: бір кездері ол сіңілісін аман алып қалу үшін, сұлулығын тәрк етіп, осы күні қаусаған кемпірге айналған. сарайдан қашып кеткен қос ғашық талай сынақтан өтеді. Фархат халықты аман қалып қалу үшін махаббатын тәрк етеді.
Юрий Григорович «Махаббат туралы аңыз» спектаклін «Астана Балет» театрының сахнасына шығарды. Тағы да адамдардың болмысын өзгертетін асыл махаббаттың алып күші жайлы сөз болмақ. Бұл жан арпалысы мен терең тербеніс, үмітсіздік пен жан жарасы, құрбаншылық пен түрлі сынақ жайлы әпсана. Хореография махаббат сезіміне тіл бітірді.
Балет ұзақтығы 2 сағат 50 минут