03/04/2024

Алматыда алғаш рет Мукарам Авахридің авторлық спектакльдерінің жаңартылған қойылымы көрсетіледі

10 - сәуірде театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахридің авторлық қойылымдары ұсынылады. Бірінші бөлімде «Саломея» спектаклі, екінші бөлімде Абай Құнанбайұлының «Ғашықтың тілі тілсіз тіл...» поэзиясының хореографиялық вариациялары көрсетіледі.

Балетте Озарение, Сегiз аяқ, Времена года, Көзімнің қарасы, Тойбастар, Письмо Татьяны, Мольба поэта, Желсіз түнде сынды вариациялар болады. 

«Саломея» және «Махаббат тілі» - екі түрлі, бір-біріне ұқсайматын қойылымдар. Олар бұрын қойылды, бірақ мен бұл спектакльдерді мақтан тұтып, оларды қайта көрсетуге лайық деп санаймын»,- деді «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Оның әріптесі «Астана Балет» театрының бас дирижері Арман Оразғалиев Алматының барлық тұрғыны мен қонақтарын үлкен гастрольдерге шақырды. Бірегей қойылымдар, іс-шаралар, шоулар ұсынылады.

«Театрда өз оркестріміз болғандықтан, біз жыл сайын гастрольдік бағдарламамызды ұлғайтып, оны қызықты етуге тарысамыз. Бұл жолы біз гастрольде бірнеше іс – шара мен кеш ұйымдастырамыз», - деп атап өтті дирижер.