«Астана Балет» театры басшылығының айтуынша, театрдың Х мерейтойлық маусымы 9-қыркүйекте ашылмақшы.
Театр ұжымы алдағы маусымда да өнімді еңбек етуді жоспарлап отыр: Альберто Алонсоның «Кармен-сюита», Георгий Ковтунның «Қар патшайымы» спектакльдерінің премьерасы өткізілмекші. Сонымен бірге Алматы және Қазақстанның өзге де қалаларына гастрольдік сапарлар ұйымдастырылады.
«Астана Балет» театрында дайындық жұмыстары басталып та кетті: спектакль бейнелерінің имидждік түсірілімдері үшін Дарьян Волкова арнайы шақырылды. Ол балет фотографиясының хас шебері, балет және арт-фотографияның халықаралық сайыстарының жеңімпазы, еуропалық және ресейлік ірі театрлардың прима-балериналары және солистерімен жұмыс істейтін танымал фотосуретші. Оның суреттері АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Австрия, Гонконг, Италия, Швейцарияның жекеменшік жинақтары мен Орыс музейі мен Шереметьев сарайы, РосФото музей-көрме орталығының қорында сақтаулы.
Источник: astana-akshamy.kz