20/02/2021

Жаңа театрдың тың тынысы

Жер шарының мәңгі символдары– су, топырақ, от және ауа Рикардо Амарантенің «GAIA» спектаклінің негізі ретінде алынды. Бәлкім, балеттің атауы Жер ғаламшарын тірі ағза ретінде қарастыратын Гайа теориясымен байланысты шығар. Алайда, қазақ үшін Наурыз мерекесі арқылы жақындығы бар осы төрт тағанға, бразилиялық хореограф бесінші элемент – орманды қосты. Бразилиялықтар үшін Амазония ормандарының шабылуы – көкейкесті мәселе. Қазақ даласының тұрғындары үшін бұл тақырыптың өзектілігі айқын еместе шығар, дегенмен, орманды «Жердің өкпесі» деп атайтынын ескерсек, оны Жер бетіндегі тіршіліктің кепілі саналатын бесінші элемент ретінде қарастыруға болар.

«GAIA» спектаклі, шындап келгенде, Макмиллан мәнерінде жасалған бес дербес концерттік нөмір іспетті: хореографиялық неоклассика мен романтикалық эмоциялық көтеріңкі көңіл-күйдің қосындысы. Бұған, бір жағынан, бразилиялық хореографтың музыкасы мен «Астана Балет» театрының қыздар кордебалеті әсер етсе керек.

Қойылым біркелкі стильде жасалғандықтан, белгілі бір элементті білдіретін биді ажырату мүмкін болмады (нақтыландыратын фактор ретінде бейне көрініс қоданылды). Хореографты - тұтас туындының парасатынан бұрын, алмасқан сахналардың көріністерін жалғап тұратын сәттің ұтымды шығуы, маңғаз стиль мен би «тазалығы» көбірек алаңдатқан тәрізді. Қыздар кордебалетінің әуелеген қимылдары біресе бұлтта қалықтағандай, біресе, таңғы шықтай тамшылағандай, енді бірде, жалын оттай лаулағандай немесе жер бетіне жұмсақ қана төселгендей әсер қалдырады.

Көркем бидің әр қимылымен мың бұралған балериналар бал-бұл жанып, біресе, өзге балериналардың топтарының полифониясымен астасып, енді бірде, әртүрлі би «суретіне» қарама- қарсы қойылды. Түрлі-түсті, нәзік реңді көйлек киген балериналар кейде көбелек немесе орман гүліндей көрінетін. Ал, соңғы аккордта олар тіршілік нәрі – жарық сәулесімен бейнеленген суға қарай қол созады. Мұның өзінен де символикалық мағына көруге болады: жер бетіндегі тіршілік атаулы – суға асық. Сол секілді, «Астана Балет» театрының жаңа стилистикалық бағыт іздеуі, тіршілік нәрі – жаңа бұлаққа қарай ұмтылуы – тың тыныстың белгісіндей.

 

Автор – Улькяр Алиева