28/06/2020

"On Stage Online" көрселітін екінші хабар

"On Stage Online" көрселітін екінші хабардың қонағы – «Астана Балет» театрының қоюшы-хореографы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти болды. Сұхбат барысында, театрдағы ұлттық нақыштағы дүниелер жайлы, жалпы, қазақ биінің болашағы жайлы сөз қозғалмақ. Сонымен бірге, көрермен қауым көне заманнан осы күнге дейінгі ұлттық хореографияның тарихинан құлағдар бола алады.

"On Stage\Online" жобасы - "Астана Балет" театрына эксклюзивті
онлайн-экскурсиялардың топтамасы. Бұл жоба Қазақстанның хореография
өнерін насихаттап, балет театрының, оның көрермені мен туындыларды
қоюшылар жайлы баяндайды. Сонымен қатар, жоба жүргізушісі, балерина
Дилара Шомаева, шақырылған қонақтарымен бірге, "Астана Балет" театры
репертуарындағы спектакльдердің құпиясын ашып, мазмұн белгілерінің
сырын түсіндіреді.

"On Stage\Online" жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылмақ.