Қадірлі көрермен!
Бұдан елу жыл бұрын осы күні Дүниежүзілік театр күнін атап өте бастады. Бұл - әртістердің, режиссерлердің, жарық берушілердің, миллиондаған көрермен, сіздердің де, яғни, баршамыз ортақ мерекеміз.
Өкінішке қарай, биыл тұрмысымызда біршама өзгерістер орын алып, мерекені әрқайсымыз үйде отырып атауға мәжбүрміз. Осылай болуы тиіс екенін бәріміз түсінеміз.
Бірақ, көп ұзамай бәрі қалпына келіп, сіздермен театрымызда қайта қауышатынымызға сеніміміз мол.
Алдағы кездесулерді тағатсыздана тосып жүрміз.
Сіздің "Астана Балет".