13/05/2022

«Астана Балет» театрының жетекші солисттері Тикетон сыйлығына ие болды

12-мамырда Алматы қаласындағы Республика сарайында «Тикетон – 10 жыл шаттық күй!» («Тикетон - 10 лет ярких эмоций!») мерекелік кешінің аясында мәдениет, өнер және спорт саласы бойынша тәуелсіз Тикетон сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.  

Сыйлықпен марапатталғандардың қатарында:

«Астана Балет» Театрының жетекші солисті Дарина Қайрашева,

«Астана Балет» Театрының жетекші солисті Сүндет Сұлтанов бар.

«Тикетон» сыйлығы – қазіргі заманғы мәдениет, өнер, спорт саласындағы және Қазақстанның қоғамдық өміріндегі дарынды қайраткерлерді қолдап, жеткен жетістіктерді жария етуге арналған, жыл сайын өтетін іс-шара. 2022 жылғы 15-ақпан мен 2-наурыз аралығында іс жүзінде халық дауыс беріп, 29 номинация мен 7 дәреже бойынша конкурсқа қатысушыларға 50 000 дауыс берілді.

«Астана Балет» театрының ұжымы сіздерді лайықты марапаттарыңызбен құттықтап, кәсіби биіктен көрінулеріңізге тілектестігін білдіреді!