05/03/2026

«Астана Балет» театрында қызметкерлерге арналған алдағы референдумды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

«Астана Балет» театрында қызметкерлерге арналған алдағы референдумды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында қатысушылар бұл оқиғаның ел үшін маңызы және әрбір азаматтың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы пікір алмасты.

Әсіресе, мәдениет саласының өкілдері үшін алдағы референдумның маңызы зор екені атап өтілді. Себебі қабылданатын шешімдер мен жүргізіліп жатқан реформалар мәдениет саласының одан әрі дамуына да бағытталған.

Кездесу қатысушылары белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын атап өтті. Әрбір Қазақстан азаматы, оның ішінде мәдениет пен өнер саласының өкілдері де референдумға қатысып, өз таңдауын білдіру арқылы ел болашағына үлес қосуы тиіс.