ЕСКЕРТУ: @astanaballet АККАУНТЫ БҰЗЫЛДЫ!
Құрметті көрермендер!
Біздің ресми Instagram желісіндегі @astanaballet парақшамыз бөгде адамдардың қолына өтіп кеткенін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта парақшаны басқара алмай отырмыз, сондықтан атымыздан жарияланып жатқан жазбалар мен хабарламалар үшін жауап бермейміз.
Парақшаға қайта кіру мүмкіндігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сақ болыңыздар, күмәнді хабарламаларға сенбеңіздер!
Театрдың ресми жаңалықтары astanaballet.com сайтында және @astanaballet_theatre резервтік парақшамызда жарияланып отырады.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!