21/04/2021

«Astana Balet» театры Ashyq жобасына қатысады

Құрметті көрермен!
Коронавирустың таралуын азайту әрі Сіздің театрға келуіңізді мейлінше қауіпсіз ету мақсатында, театрға кірерде Ashyq мобильді қосымшасы қолданылатынын ескертеміз.
Ол үшін:
1. App store немесе Google play арқылы Ashyq мобильді қосымшасын жүктеу
керек.
2. Телефон нөмері арқылы авторизациядан өту керек.
3. Театрға кіру\шығуды нақтылау үшін «Келуді тіркеу» нүктесін басыңыз.
4. Театрдың кіреберісінде орнатылған QR-кодты телефон арқылы сканерлеп
алыңыз.
5. Экранға шыққан мәліметті Театр қызметкеріне көрсету қажет.
Осылайша, ортақ ПТР базасымен біріктірілгендіктен, Сіздің мәртебеңіз
айқындалады:
- «Қызыл» мәртебесі бар адам коронавирус жұқтырған – демек, театрға
кіруге болмайды.
- «Сары» мәртебесі бар тұлғалар – науқас адаммен байланыста болғандар.
Олар азық-түлікті сатып алып, дәріханаға бара алады (тек үйінің
жанындағы).
- «Көк» мәртебесі бар тұлғалар, коронавирус тесті міндетті түрде талап
етілетін жерлерден (мысалы, әуежай) өзге жерде еркін жүріп-тұра алады.
- «Жасыл» мәртебесі барларға толық еркіндік берілген.
Сіздердің осы пилот жобаға қатысуыңыз эпидемиологиялық аһуал өзгергеніне қарамастан, біздің жұмыс кестесін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Театрға «көк» және «жасыл» мәртебесі бар көрермендер ғана кіре алады. Егер қосымшаны жүктеу мүмкіндігі болмаса, театрға кірерде қызметкерлер Сіздің ЖСН арқылы мәртебеңізді айқындайды. Ол үшін театр қызметкеріне жеке куәлігіңізді беруіңіз қажет.

Қосымша сұрақтар туындаса 1414 нөмері арқылы call-center хабарласуыңызды сұраймыз.