«Астана Балет» театры Аида Ғалымқызы Балаеваны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің лауазымына тағайындалуымен құттықтайды.
Аида Ғалымқызы талай жылдан бері еліміздің мәдени саласының дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби біліктілігін, іскерлігін және осы саланың түйткілді мәселелеріне ерекше назарын танытып келеді.
Мол тәжірибесі мен саланың қыр-сырын терең түсінуі еліміздің мәдени саясатын одан әрі нығайтып, дамытуға септігін тигізетініне кәміл сенімдіміз.
Аида Ғалымқызына жаңа қызметіне табыс және мәдениет пен қоғам игілігі жолында жемісті жұмыс тілейміз.