15/12/2020

Тәуелсіздік күніне орай, «Астана Балет» театрының қызметкерлері марапатталды.

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында, 14-желтоқсанда, мәдениет қайраткерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Астана Балет» театры директорының орынбасары Дүйсембай Мұсабеков «Еңбек ардагері», ал, «Астана Балет» театрының жетекші солисті Дилара Шомаева «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Марапаттау рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Тәуелсіздің күніне орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, ел ішіндегі достық пен ынтымақты бекіте түсуге үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы №461 жарлыққа қол қойған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін, қазан айында «Астана Балет» театрының жетекші солисті Дилара Шомаева «Халық алғысы» құрмет медалімен марапатталған еді.

«Астана Балет» театрының ұжымы Дүйсембай Мұсабеков пен Дилара Шомаеваны алған марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!