02/03/2026

«АСТАНА БАЛЕТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Есіл ауданында «Астана Балет» театры ұжымымен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мәдениет және өнер саласының өкілдеріне конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндірілді. Шығармашылық еркіндік, мәдени бастамаларды қолдау және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы қалалық филиалының жетекшісі Ерлан Каналимов сөз сөйлеп, мәдениет саласының қоғамдағы рөлін атап өтті. Қатысушылар ашық диалог форматында пікір алмасты.

Іс-шараны «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы ұйымдастырды.