29/06/2018

Шекспирдің құмары

«Eurasian Dance Festival» фестивалінде Абай атындағы МАОБТ КСРО Халық әртісі Юрий Григорович қойған «Ромео мен Джульетта» балетін көрсетті.

 

Флюра Мусина

Балет сыншысы

Ханс ван Манен мен Милко Шпаремблектің сюжетсіз неоклассикалық қойылымдарынан кейін, Юрий Григоровичтің балеті бояуы қанық кескіндеме туындысы секілді әсер қалдырды. Графика мен төсектен кейін оның әсері еселене түсті. Жалпы, фестиваль бағдарламасы сан-түрлі, сонымен қатар, қойылымдар бағдарламада контраст есебінде тізілген. Көрсетілер спектакльдерге қарағанда, фестивальдің алты күнінде көрермен қауым әртістердің шеберлігі мен кәсіпқойлығына тәнті болып, декорациялар, бейнеконтент мен алуан-түрлі музыкадан әсер алып қана қоймай, хореографиядағы сан-түрлі стильден хабар беретін қойылымдармен, хореографтар мен таныса алады.

Тірі классик

КСРО Халық әртісі Юрий Григорович ХХ ғасырдағы он ұлы хореографтың қатарыа енгені даусыз. Ол отыз жыл бойы Үлкен театрдың балет идеологы болған, сегіз бірегей балет пен барлық дерлік балет классикасын жаңа қырынан танытқан қойылымдардың авторы. «Ромео мен Джульетта» балет жанры шеберінің қолынан шыққан шедевр деуге тұрарлық дүние. Оның бейнелеу тілі классикалық көркем би.

Ромео мен Джульетта» спектаклін Григоровичем Париж Опера мен Үлкен театрда қойған; Сеул, Краснодар мен Якутскте, «Кремль балеті» мәскеулік театры мен алматылық Абай атындағы МАОБТ сахнасында қойған. Хореограф өз спектакльдерін қойғудан аулақ. Оның үстіне, Григорович қазіргі заман талабына сай, балеттің әр қойылымынан сыйақы талап ететін кейінгі хореографтардың қатарынан да емес. Алайда, труппаның деңгейін жіті бақылап, басты партияларды орындаушылар болмай, жалпы труппаның кәсіби техникасы тұрғысынан әлсіз болса – қойылымнан бас тартады. 2010 жылы Алматыдағы «Ромео мен Джульетта» 83 жасар хореограф өзі келіп, жарықты орнатып, әртістердің би кезінде өмір шындығын білдіруін талап етіп еді. Яғни, биді «бейнелеу» емес, «көрсетуге» көп мән берген. Шебер спектакль премьерасының сәтті өткеніне ерекше қуанды, труппаға да көңілі толғанын жасырмады. Ал, спектакльді осы қалпынан түсірмеуді ҚР Халық әртісі Гүлжан Түткібаеваға тапсырған-тын. Ол осы күні театрдың бас балетмейстері.

«Юрий Николаевич біздің труппаны жоғары бағалады. Оның сенімін ақтауға тырысып келеміз. Дегенмен, уақыт орнында тұрмайды ғой. Орындаушылардың бірнеше құрамы ауысты. Премьера кезінде билеген тек Меркуцио партиясындағы Әсет Мырзақұлов пен Капуллетидің сомдаған Дмитрий Сушков қана қалды».

Сегіз жыл болды, осы спектакль Алматы сахнасында үнемі аншлагпен өтеді. Театрдың бас директоры Алан Бөрібаев осы спектакль алтын қор есебінде театр афишасында қалуы тиіс деген пікірде. «Негізі бұл спектакльдің құндылығы, әрине, Прокофьевтің кемел музыкасында жатыр. Бұған Григоровичтің кемел хореографиясын және ғаламат сценограф Симон Вирсаладзенің еңбегін қосыңыз. Осындай кемел тұлғалар тудырған дүние, сөзсіз шедеврге айналады».

Бұдан мұңлы махаббат жыры жоқ шығар, сірә…

Екі әулеттің алауыздығы салдарынан екі ғашық бұл дүниеден баз кешті. Осы оқиғаны XVI ғасырда ағылшын драматургы қағаз бетіне түсіріп, бұл оқиға осы күнге дейін режиссерлердің, композиторлардың, сонымен бірге, хореографтардың мазасын алып келеді. Соңғылары, ақынның ұйқасы орай келген сөздерінің астарында жасырын қалған ойларды дене пластикасы, көркем би мен әсем музыка арқылы жеткізуге тырысады.

Сергей Прокофьевтің музыкасы да қойылым жасаушыларды баурап тұрады. Себебі, мұнда бәрі бар: ырғағы сан-алуан, сезімі алуан-түрлі би қойылымдары мен лирикалық монологтар жасауға сұранып-ақ тұр. Сол себепті, осы оқиғаның балет сахнасында көрініс табуы да ғажап емес. Жүздеген қойылым жасалған. Қойған балетмейстерлердің ішінде Кеннет Макмиллан, Джон Кранко? Дж№Ноймайер? Морис Бежар сынды есімдер бар... бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Алайда, осылардың бәрінен Григоровичтің балеті драматургиялық тұрғыдан тұтас, биі тұрғысынан ерекше қойылым болып қалып отыр.

Енді Қазақстаннан шықпай-ақ екі нұсқаны да тамашалуға болады екен. Естеріңізге сала кетейік, «Астана Опера» театрының «Ромео мен Джульеттасы» мен француз хореографы Шарль Жюд, Рудольф Нуреевтің сахналық нұсқасына қойған қойылым да бір музыкаға шығарылған.

Фестивальдің үшінші күні де аншлаг. Көрермен ықыласы ерекше. Бүгін мұны ерекше сезіне алдық. Алматылықтардың қойылымын көрермен ерекше ынта қойып тамашалады. Меркуционың (Әсет Мырзақұлов) әр шыққаны ду қол шапалақтаумен жалғасып жатты. Гравитация заңдарын аяқ сты етіп, биші – ролі бойынша Ромеоның жан досы, бүкіл топтың сауықшысы жоғары секірген кезде, әуеде бірнеше кульбит жасап үлшгіретін. Десе де, өзінің кейіпкері мен хореографиялық мәтін шеңберінен тыс шыққан емес. осылайша, қимылдарды орындай отырып, кейіпкерінің болмысын аша білген болашақ «һас шеберді» таныдық. Ол Шекспир театры заманындағы сауыққұмарлардың мәнерін жеткізе білді. Меркуцио – көңілді, ержүрек, достыққа адал, жауына қатал жан. Осы ансамбльдегі жарқын бейне сол еді. Джульетта Жанел Төкеева есейгендіктен, тереңдік біліне бастады. Талантты балерина бұл партияны бойжеткен шағында орындаған еді. Осылайша, бойжеткен Джульеттаның келбетін аша білді. Осы күні оның махаббатының күшіне сенесің. Тиеатр премьері Азамат Асқаров сомдаған Ромео қиялшыл әрі жомарт. Бойшаң болғанына қарамастан, секірген кезінде бейне бір «мысыққа» айналып кететін бишіге табиғаттың өзі ханзадалар мен ғашық жандардың келбетін сомдауды бұйырған секілді. Нарқыз Мирсеидова (Сеньора Капулетти) мен Дмитрий Сушков (Капулетти) кейіпкерлерін аша білді. Олардың партиялары кең ауқымды би сахнасына ие болмаса да, олардың сахнадағы жүріс-тұрысы, көз қырын тастай қарауы, басын бұруы, қолын қимылдатуы – осының бәрі бейнені ашуға септігін тигізеді. Театрдың жас солисттері Рахым Дайыров (Тибальд) пен Әзиз Есенбаев (Парис) өз партияларын жоғары деңгейде орындап шықты. Сөз жоқ, әр қойылым сайын шеберліктері де ұштала бермек.

Мисфониялық би туындыларының шебері Юрий Григорович көпшілік сахналарды мінсіз қояды. Серілердің биі (кейде «жастықпен билеу» деп те атап жатады) осынлдай сахналардың бірі. Ол өте биік деңгейде орындалды. Жарықтың қойылғаны, костюм маталарының жарқ-жұрқ етуі, колдебалеттің біркелкі қимылы осы сахнаны спектакльдегі үздік сахналардың біріне айналдырды. Веронадағы карнавал сахнасы ғана оған орайлас келеді-ау. Маэстро Ерболат Ахмедияровтың басқаруындағы оркестр, автор партитурасынан ауытқымады. Дегенмен, сахнадағы бишілердің ырғағына да икемделіп жатты.

Көрермен әртістерді ұзақ уақыт сахнадан кетірмей, тік тұрып қошеметін білдіріп жатты.