02/12/2022

I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АШЫҚ САХНА» БАЙҚАУЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ

Қамту: Қазақстан Республикасы

Кезең: 2022 жылғы желтоқсан - 2023 жылғы мамыр

Жас шамасы: 18-45 жас

Формат: I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АШЫҚ САХНА» БАЙҚАУЫ 5 іріктеу кезеңінен тұрып, келесі аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

  • «Хореография»
  • «Либретто»
  • «Музыка»
  • «Сценография»

«Ашық сахна» байқауының нәтижесі бойынша, жеңімпаздардың көркемдік түпкі ойына қарай, «Астана Балет» театрының сахнасында, ұзақтығы 15 минуттан аспайтын жаңа хореографиялық туынды қойылады.

Байқауды ұйымдастырушылар «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» Жеке қоры мен «Астана Балет» Театры» ЖШС.

Байқау өтетін орын «Астана Балет» Театры Қазақстан Республикасы, 010000,  Астана қ., Есіл ауданы, Ұлы Дала даңғылы, 9.

 

Байқау құрылымы:

Бірінші кезең – онлайн-формат.

Өтетін уақыты (байқауға қатысушылардың өтініштерін қабылдау): 2022 жылғы 1-желтоқсан, сағат 00:01 бастап, 2022 жылғы 31-желтоқсан, сағат 23:59 дейін (Астана қ. уақытымен).

Байқауға қатысушыларға қойылатын талапқа сәйкес келетін қатысушы 2022 жылғы 1-желтоқсан, сағат 00:01 бастап, 2022 жылғы 21-желтоқсан, сағат 23:59 дейін өтінішті, шығармашылық жұмыстары мен құжаттарын Байқаудың ұйымдастыру комитетінің ashiq_sakhna@astanaballet.kz e-mail поштасына жолдау керек.

Анықтама телефондары: +7 707 330 18 35

 

Өтініште тіркелетін мәліметтер:

  1. Қатысушының өтініш-анкетасы

Қатысушының өтініш-анкетасының үлгісі

Аталым: _______________________

 

  1.  

Қатысушының ТАӘ

 

  1.  

Туған күні

 

  1.  

Білімі

 

  1.  

Халықаралық және республикалық іс-шараларға қатысуы

 

  1.  

Марапаттары

 

  1.  

Қатысушының байланыс телефоны

 

  1.  

Қатысушының е-mail поштасы

 

  1.  

Жұмыс не оқу орны (толық атауы)

 

  1.  

Жұмыс не оқу орнының мекен-жайы мен телефоны

 

Өтініш-анкетасына электронды фотосурет, сонымен қатар, шығармашылық жұмыстарын электронды түрде, жақсы сапада қосымша берілуі тиіс.

Күні: __________________                                        Қолы _________________________

 

  1. Байқауға қатысу туралы өтініш

Байқауға қатысу туралы өтініштің үлгісі

 

Мен, [Тегі Аты Әкесінің аты], ЖСН [ЖСН нөмері], Жеке куәлік [жеке куәлік нөмері, қашан, қай мекеме берді], [тұрғылықты жерінің мекен-жайы (тіркелген мекен-жайы)] мекен-жайында тұрамын.

«Ашық сахна» байқауының _________________ аталымы бойынша қатысуды қалап, өтінішімді қабылдауыңызды сұраймын.

«Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» жеке қоры бекіткен І Республикалық «Ашық сахна» байқауының Ереже талаптарымен таныстым. Келісемін және орындауға мідеттенемін.

Осы өтінішке қол қоя отырып, тегін фото және бейнетүсірілімге, сондай-ақ, фото және бейнематериалды  қолдануға (соның ішінде, ұйымдастырушылар сайтында, әлеуметтік желілерде, жарнамалық бейне және фотоматериалда, баспа өнімдерінде, БАҚ орналастыруға) келісім беремін.

Авторлық құқық нысандарын шығарарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға міндеттеме алып, авторлық құқықтың бұзылуы орын алса және материалды заңға қайшы пайдаланған болсам, жауап беремін.

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқа екеніне кепілдік беремін.

  • (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса))
  • "____"_______________ 2022 ж.

 

  1. Қатысушының жеке мәліметтерін өңдеуге келісім беру

Қатысушының жеке мәліметтерін өңдеуге келісім берудің үлгісі

Осы құжатқа қол қойған, мен:

___________________________________________________________,

т.а.ә., (толық)

паспорт (куәлік) серия ____ нөмер _______ қай мекеме қашан берді _______________________ тұрғылықты мекен-жайым:  ___________________________________________________

Жеке деректер мен оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының (14.07.2022 ж. өзгертулер мен толықтырулар жасалған) 9-бабының талаптары бойынша, І Республикалық «Ашық сахна» байқауына (бұдан әрі - Байқау) ұсынылған құжаттардағы менің жеке жеректерімді өңдеуге келісім беремін:

Осы келісім берілетін жеке деректерге жататындар:

- ТАӘ, туған күнім мен айым, жылым, тұрғылықты мекен-жайым (нақты тұратын жерім);

- паспорттағы деректер.

Мен жайлы деректер Байқауға қатысты мәліметтерде, «Байқауға қатысушылардың тізімінде» қолданылатынына, сонымен қатар, тексеру жүргізілген кезде мен жайлы деректер мемлекеттік органдардың өкілдеріне көрсетілетініне қарсылығым жоқ.

Жеке деректерді өңдеу дегенде жеке деректермен жасалатын іс-әрекеттер (операциялар), соның ішінде, жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (соның ішінде беру), иесіздендіру, бұғаттау, аралас өңдеу жолымен дербес деректерді жою, қағаз нұсқасындағы құжаттарды автоматтандырылмаған өңдеу, ақпараттық жүйелердегі құжаттарды автоматтандырылған күйде өңдеу сынды түсініктер қамтылады.

Осы келісім, қол қойылған күннен күшіне енеді.

________                             _____________                                             ____________________

Күні                                             Қолы                                   Тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері

 

  1.  Автордың еркін үлгіде жазылған өмірбаяны;
  2. 2 (екі) түрлі-түсті сапалы фотосурет;
  3. Паспорт немесе жеке куәліктің көшірмесі;
  4. Осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін Байқау материалдары (шығармашылық жұмыстар).

 

«Либретто» аталымы

Либретто ұлттық тақырыпқа арналып, көлемі Microsoft Word форматындағы 2-3 (екі-үш) беттен аспауы тиіс. Либретто мәтіні «Times New Roman» шрифтімен, 14 кегль, 1,5 интервалды сақтап теруді ұсынамыз. Интерпретация, фольклор шығармаларын (ертегі, аңыз, эпос, әпсана) өзіндік баяндау күйінде жазу Либреттоға арқау бола алады. Қатысушы Қазақстанның ұлттық рухы мен мәдениеті туралы идеяны арқау өткен авторлық туындысын да ұсына алады.

«Либретто» аталымы бойынша іріктеу шарты:

  • тапсырма тақырыбына сәйкестік;
  • нақты жазылған фабула мен сюжет;
  • тақырыптың өзектілігі мен мазмұн тереңдігі;
  • кейіпкерлердің көркем бейнелерінің сахнаға икемділігі;
  • ойы нақты жазылған, фабула мен сюжет құрылымында логиканың болуы.

Бірінші кезең аяқталған соң, қазылар алқасы «Либретто» аталымы бойынша жеңімпазды анықтайды. «Либретто» аталымы бойынша жеңімпаздың шығармашылық жұмысы «Музыка», «Хореография», «Сценография» аталымына қатысушылардың 2-5 (екінші-бесінші) кезеңдегі тапсырмасы болады. Қазылар алқасының Либреттоны қысқартып, редакциялауға һақысы бар.

 

«Хореография» аталымы

«Хореография» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстарға қойылатын талап. Бір не одан да көп орындаушыға арнап шығарылған хореографиялық композициялардың бейнетүсірілімі mov, mp4 форматында жазылу керек. Сюжет, идея тақырыбы, музыкалық материалды таңдау және хореографиялық стильді айқындау – қатысушының еркінде. Бейнероликтердің сапасы келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: бейнежазбаның дефекті болмау керек: бейнекөріністің жоғалуы, бейнекөріністе жарықтың тым қатты түсуі/қараңғы болуы, сапасының төмен болуы.

Авторлық құқықтың бұзылуы орын алса және материалды заңға қайшы пайдаланған болса, хореографиялық композициялар қаралмайды және/немесе кез-келген кезеңде байқаудан тыс қалады.

«Хореография» аталымы бойынша іріктеу шарты:

- хореографиялық және режиссерлік шешімнің сонылығы;

- хореография тілінің көркемдігі;

- әуезділік;

- көркем ой және хореографиялық туындының тұтастығы.

Байқауға қатысушы ұзақтығы 3 минуттан кем түспейтін, кем дегенде 5 туындысын ұсынуы тиіс. Хореографиялық композицияны орындаушылардың әртістік қабілеті көрініп, сахналық репетициялық киімде болуы тиіс. Концерт, байқау, фестивальдерде бейнежазбасы жасалған шығармашылық жұмыстар да қабылданады. Бейнежазба сапасы жоғары, бейнекөрініс айқын болуы тиіс.

Қазылар алқасы «Хореография» аталымы бойынша 1 (бірінші) кезеңнің 3 (үш) 5 (бес) жеңімпазын анықтап, олар Байқаудың 3 (үшінші) кезеңіне қатысады.

 

«Музыка» аталымы

«Музыка» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстарға қойылатын талап.  

Музыкалық композициялардың аудиожазбасы – демонұсқа тапсырылады. Тақырыпты, идеяны, сюжет иірімдерін таңдауқатысушының еркінде.

Музыкалық композицияларда бөтен шу болмауы тиіс. Авторлық құқықтың бұзылуы орын алса және материалды заңға қайшы пайдаланған болса, музыкалық композициялар қаралмайды және/немесе кез-келген кезеңде байқаудан тыс қалады.

«Музыка» аталымы бойынша іріктеу шарты:

- музыка тілінің көркемдігі;

- биге ыңғайлы ырғақты әрі әуезді әуен;

- көркемдік стиль мен талғам түйсігі;

көркем бейнелердің мазмұндылығы мен көлемділігі.

Қатысушы ұзақтығы 3 минуттан 20 минутқа дейінгі музыкалық туындыларды тапсырады. Музыкалық шығармалар түрлі музыкалық формада ұсынылады: соло мен ансамбльден бастап, симфониялық оркестрге дейін.

Қазылар алқасы «Музыка» аталымы бойынша 3 (үш) 5 (бес) жеңімпазды анықтап, олар Байқаудың 2 (екінші) кезеңіне қатысады.

 

«Сценография» аталымы

«Сценография» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстарға қойылатын талап.

Байқауға қатысушылар жұмыстарын JPEG форматында ұсынады. Авторлық құқықтың бұзылуы орын алса және материалды заңға қайшы пайдаланған болса, эскиздер қаралмайды және/немесе кез-келген кезеңде байқаудан тыс қалады.

«Сценография» аталымы бойынша іріктеу шарты:

  • түпкі ойдың сонылығы және оны кадрға бөлу (жобаның жүзеге асуы);
  • бұл жұмыстарда сахна кеңістігін көркемдік безендірудің қазіргі заманғы көріністері ескерілуі тиіс;
  • жаңашылдық;
  • интеллектуалды жаңашылдыққа ұмтылу.

Қатысушы кем дегенде түрлі-түсті он эскиз тапсырып, жазбаша толық сипаттайды. Қажет бола қалса онлайн-форматта қатысушымен сұхбат жүргізіледі.

Қазылар алқасы «Сценография» аталымы бойынша 1 (бірінші) кезеңнің 3 (үш) 5 (бес) жеңімпазын анықтап, олар Байқаудың 4 (төртінші) кезеңіне қатысады.

 

Екінші кезең – онлайн-формат. Өтетін уақыты – 2023 жылғы 1-қаңтар, сағат 00:01 бастап, 2023 жылғы 14-қаңтар, сағат 23:59 дейін (Астана қ. уақытымен).

«Музыка» аталымы

Қатысушылар, «Музыка» аталымының 1 (бірінші) кезеңінің жеңімпаздары, Либретто тақырыбына байланысты («Либретто» аталымының жеңімпазы) ұзақтығы 10 (он) минуттан бастап, 20 (жиырма) минутқа дейінгі авторлық шығармасын тапсырады. Авторлық туынды ретінде фольклорлық шығарманың өңделген нұсқасы да қабылдануы мүмкін. Музыкалық шығарма симфониялық оркестрдің құрамына орай жасалауы тиіс. Оркестр құрамында бір немесе бірнеше халық аспабы болуы мүмкін. Музыкалық композицияларда бөтен шу болмауы керек. Авторлық құқықтың бұзылуы орын алса және материалды заңға қайшы пайдаланған болса, музыкалық композициялар қаралмайды және/немесе кез-келген кезеңде байқаудан тыс қалады.

«Музыка» аталымы бойынша іріктеу шарты:

- либреттоның көркемдік түпкі ойын ашу;

- музыкалық бейнелердің көркемдігі мен тереңдігі;

- шығарманың ұзақтығы кем дегенде 10 минут болып, 20 минуттан аспауы тиіс.

Қазылар алқасы «Музыка» аталымы бойынша жеңімпазды дауыс беру нәтижесінде анықтайды.

«Музыка» аталымы бойынша жеңімпаз, Байқаудың 3 және 5 кезеңдеріне қатысуға міндетті.

 

Үшінші кезең – онлайн және офлайн-формат. Өтетін уақыты 2023 жылғы 17-қаңтар, сағат 00:01 бастап, 2023 жылғы 8-ақпан, сағат 23:59 дейін (Астана қ. уақытымен).

«Хореография» аталымы

Қатысушылар, «Хореография» аталымының 1 (бірінші) кезеңінің жеңімпаздары, Либретто («Либретто» аталымының жеңімпазы) және музыка («Музыка» аталымының жеңімпазы) тақырыбына байланысты ұзақтығы 10  минуттан аспайтын, Театр әртістері орындайтын хореографиялық композицияны шығаруы тиіс.

«Хореография» аталымы бойынша іріктеу шарты:

- қойылымның ұзақтығы кем дегенде 10 минут;

- либреттоның көркемдік түпкі ойын ашу;

- хореографиялық тілдің даралығы;

- әуезділік және көркем бейнелерді көрсетудегі эмоциналдылық;

- және және көпшілік сахналардың болуы.

Байқаудың қазылар алқасы «Хореография» номинациясы бойынша жеңімпазды дауыс беру нәтижесінде анықтайды.

«Хореография» аталымы бойынша жеңімпаз, Байқаудың 5-кезеңіне қатысуға міндетті.

 

Төртінші кезең – онлайн-формат. Өтетін уақыты – 2023 жылғы 10-ақпан, сағат 00:01 бастап, 2023 жылғы 26-ақпан, сағат 23:59 дейін (Астана қ. уақытымен).

«Сценография» аталымы

Қатысушылар, «Сценография» аталымының 1 (бірінші) кезеңінің жеңімпаздары, Либретто тақырыбына байланысты («Либретто» аталымының жеңімпазы) хореографиялық туындыға арналған көркемсуретті эскиздері мен сахна костюмдерін тапсырады. Қатысушы кем дегенде түрлі-түсті он эскиз тапсырып, жазбаша толық сипаттап, JPEG форматында ұсынады. Авторлық құқықтың бұзылуы орын алса және материалды заңға қайшы пайдаланған болса, эскиздер қаралмайды және/немесе кез-келген кезеңде байқаудан тыс қалады. 

«Сценография» аталымы бойынша іріктеу шарты:

- шығармашылық ойдың сонылығы;

- визуалды бейнелердің қалыптан тыс болуы;

- жобаның жүзеге асу деңгейі.

Қазылар алқасы «Сценография» номинациясы бойынша жеңімпазды дауыс беру нәтижесінде анықтайды.

«Сценография» аталымы бойынша жеңімпаз, Байқаудың 5-кезеңіне қатысуға міндетті.

 

Бесінші кезең – офлайн-формат. Өтетін уақыты – 2023 жылғы 1-наурыз, сағат 00:01 бастап, 2023 жылғы 30-сәуір, сағат 23:59 дейін (Астана қ. уақытымен).

Театр сахнасында толыққанды хореографиялық туынды қойылып, оның тұсаукесері өтеді. Бұл кезеңде Байқау жеңімпаздары шығарған туындыға арнап, Театр цехтарында декорациялар жасалып, сахна костюмдері тігіледі.

Байқау жеңімпаздары авторлық құқық нысандарын жасайтын болса, олардың туындысына қатысты жеке мүліктік емес құқық сақталады.

Байқау жеңімпаздары авторлық құқық объектілерін кез-келген нысанда және кез-келген тәсілмен пайдалану құқығымен: авторлық құқық объектілерін жаңғыртуға (жаңғыртуға құқық); объектілерді таратуға қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, бүкіл әлем аумағында жасалатын авторлық құқық объектілеріне айрықша авторлық құқықтарды авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне өтеусіз негізде береді (иеліктен шығарады) авторлық құқықты кез-келген тәсілмен: сатуға, өзгертуге, жалға беруге, өзге де операцияларды, оның ішінде телекоммуникациялардың ашық желісінде (тарату құқығы) жасауға; автордың немесе өзге де авторлық құқық иеленушінің рұқсатымен дайындалған даналарды қоса алғанда, тарату мақсатында авторлық құқық объектілерінің даналарын импортқа (импортқа құқық); авторлық құқық объектілерін көпшілік алдында көрсетуге (көпшілік алдында көрсету құқығы), авторлық құқық объектілерін көпшілік алдында орындауға (көпшілік алдында орындау құқығы), авторлық құқық объектілерін көпшілік алдында хабарлауға (туындыны жалпыға бірдей мәлімет үшін хабарлауға), соның ішінде эфирге немесе кабель арқылы хабарлауға (көпшілік алдында хабарлау құқығы), авторлық құқық объектілерін эфирге хабарлауға жалпы жұрттың назарына эфирге бірінші және (немесе) кейінгі хабарлауды қоса алғанда (эфирге хабарлау құқығы); жалпыға бірдей мәлімет үшін кабель бойынша бірінші және (немесе) кейінгі хабарламаны қоса алғанда, кабель бойынша авторлық құқық объектілерін хабарлауға (кабель бойынша хабарлауға құқық); авторлық құқық объектілерін аударуға (аударуға құқық); авторлық құқық объектілерін қайта өңдеуге, аранжировкалауға немесе басқа жолмен қайта өңдеуге (қайта өңдеуге құқық); авторлық құқық объектілерін дәлелдеуге жалпыға бірдей назарға (жалпыға бірдей назарға жеткізу құқығы); Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

Премьера - 2023 жылғы 1-мамыр

2023 жылғы 1-мамырда – Байқау салтанатты түрде жабылып, жеңімпаздарға Бас жүлде беріледі. «Ашық сахна» бауқайының жеңімпаздары қойған хореографиялық туындының премьерасы Театр сахнасында өтеді.

 

Байқаудың әр кезеңінің қорытындысын шығару мен жүлдені тағайындау тәртібі

Байқаудың әр кезеңінің қорытындысы, келесі кезең басталмай тұрып www.astanaballet.com сайтында жарияланады; 

Қазылар алқасы жұмысының жарияланған қорытындысы соңғы әрі өзгермейтін болады. Шығармаларға жазбаша пікір берілмейді;

Байқаудың қазылар алқасы мен ұйымдастырушылары арнайы сыйлық беруге құқылы;

Байқаудың бесінші кезеңіне дейін жеткен қатысушылар Байқау финалисттері саналады. Финалисттердің бәрі «Ашық сахна» Республикалық байқауының жеңімпазы» мәртебесін қолдануға құқылы.

Жүлделерді беру тәртібі:

Байқаудың Бас жүлдесі ақырғы туындыны шығаруға ат салысқан 4 (төрт) авторға (либретто, музыка, хореография, сценография) беріледі. Жеңімпаздар Байқаудың 5-кезеңіне қатысып, «Ашық сахна» байқауы жеңімпаздары шығарған хореографиялық туындының премьерасына (бұдан әрі - Премьера) ат салысса келесідей марапатталады:

1) «Либретто» аталымы бойынша байқаудың жеңімпазы - ҚР резидентінің төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын есепке алмағанда, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы. Премьерадан кейін жеңімпаздың есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлем жасалады.

2) «Музыка» аталымы бойынша байқаудың жеңімпазы - ҚР резидентінің төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын есепке алмағанда, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы. Премьерадан кейін жеңімпаздың есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлем жасалады.

3) «Хореография» аталымы бойынша байқаудың жеңімпазы - ҚР резидентінің төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын есепке алмағанда, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы. Премьерадан кейін жеңімпаздың есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлем жасалады.

4) «Сценография» аталымы бойынша байқаудың жеңімпазы - ҚР резидентінің төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын есепке алмағанда, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы. Премьерадан кейін жеңімпаздың есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлем жасалады.

Байқау ұйымдастырушыларының келісімімен, 1-5 (бірінші - бесінші) кезеңге қатысушыларға мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық ұйымдар, қорлар, шығармашылық одақтар, БАҚ, жеке тұлғалар тарапынан қосымша сыйақылар мен жүлделер берілуі мүмкін.