09/04/2019

«Өткенге саяхат» балеті сана-сезіміңізді түбегейлі өзгертіп, ой қозғайды

«Астана Балет» театры «Өткенге саяхат» («A Journey of a Memory») балетінің әлемдік премьерасын ұсынады. Бұл спектакльде адам жадының иллюзиялық шырмауы жайын сөз етпек.

Қазіргі күйімізді өткен шағымыздан іздеп жататынымыз бар ғой. Бірақ, ол мүмкін бе, өзі? Бас кейіпкер әрқайсымызды мазалайтын осы бір сұрақтың төңірегінде әңгіме өрбітіп, шынайы өмір мен қиял, құбылмалы жад туралы ой қозғайды. Бас кейіпкер секілді бәріміз де балалық шақтың естеліктерін ыстық көреміз. Бұл балетте баянсыз өмірдің, солған сұлулық пен мұңның сарыны бар.

«Бәрінің де естеліктері бар. Ол жаман, не жақсы болуы мүмкін. Уақыты келгенде олар ғайып болып, тек санамызды шырмап, қазіргі күйіміз бен болашағымызға да әсер етіп отырады», - деген ойымен бөлісті қоюшы-хореограф.

Жас неміс балетмейстері Раймондо Ребектің өнерге деген өз көзқарасы айқын. Көрерменді тылсым құпиясы көп сана-сезім әлеміне жетелеудің жолын біледі. Оның бес қаруы сай балетмейстер екені де белгілі. Бозбала шағында сыншылардың аузынан түспейтін кәсіби биші болған Ребек, хореограф ретінде балет шығара бастайды. Оның қойылымдарында әртістер шынайы адам кейпіне түсіп, шынайы сезімдерге елітіп, ғашық болып, қоршаған ортасын шынайы сезіне білді.көрермен қауым биге еліткендерді сыртынан бақылап отырғандай күйге түседі.

Байырғы алтын терезе жақтаулары, талай ғасырлық тарихы бар шырағдан қолданылған сценография, 17-18 ғасыр атмосферасын тудырады. Осылайша безендірілген сценография мен заманауи пластика тілі өзгеше сезімге бөлеп, әрқайсымызды мазалаған сұрақтарға жауап табуға жол ашатындай.

«Өткенге саяхат» («A Journey of a Memory») балетінің премьерасы2019 жылдың 11-12 мамырында өтпекші. Билеттер сатыла бастады.