13/03/2018

Астана Балеттегі көктемнің шуағы

Халықаралық әйелдер күніне орай, «Көктемнің шуағы» атты балет кеші «Астана Балет» театрында наурыздың сегізі мен тоғызы күндері өтеді.

Жүз жыл бұрын Вольтер, барлық қарама-қайшылықтар әйел жүрегінде тоғысатынын айтқан еді. Гала концерт бағдарламасы да, классиктің осы пайымына қарай құрастырылды: эмоциялық қуаты әр түрлі нөмірлер нәзік жандылардың болмысының сан-алуан қырын ашады. Ал, олардың бәрін біріктіретін лейтмотив – көктем қарсаңындағы романтикалық көңіл-күй.

бірінші бөлімінде Глюктің назды «Мелодиясын» солисттер Айнұр Нүспекова мен Фархад Буриев орындайды. Көпшілікке белгілі осы биді бір кезде Асаф Мессерер бойжеткен шәкірті, болашақ балет жұлдызы Марина Кондратьева мен Үлкен театрдың аңызға айналған бишісі Марис Лиепаға тарту еткен еді. Серіктесінің созылған қолына қонған балерина әуеде қалықтап тұрғандай көрініп, қанат біткен құсқа ұқсап кетеді.

Балет өнерінің символына айналған Анна Павлованың құрметіне «Калифорниялық мак» биі орындалады. Петр Чайковскийдің музыкасына қойылған биде, балерина өмірдің баянсыздығын көктемгі гүлдің дірілдеген жапырақтары арқылы жеткізеді. Жел тұрса, олар үзіліп кетуге шақ. Бұл биді балет соисттері Надежда Омарова мен Айнұр Әбілғазина орындайды.

Балеттің жетекші солисттері Риза Қанатқызы мен Татьяна Тен «Diversity» балетінің партияларын орындайды. Пьетро Масканьидің алғашқы үзіндісі мәңгілік махаббаттың романтикалық ұраны іспетті, ал, Массне музыкасына қойылған екінші үзінді испан әуендерінің екпінді ырғағына қарама-қайшы орындалады.

Аталған миниатюралардан бөлек, бірінші бөлімде, сонымен қатар, Рахманинов, Гуно мен Минкус музыкасы әуелеп, ал, соңғы эпизод ретінде Морис Равельдің «Клеопатра» балетінің ақырғы сахнасы алынған. Хореограф Николай Маркелов композитордың әйгілі шығармасын таңдап, оқиғаны Ежелгі Мысыр даласына көшіріп, оған өзге бір реңк бергендей болды. Оның ырғағы тыңдарман қауымның көңілін баурап, ал, әдемі костюмдер мен бидің ерекше пластикалық тілі көздің жауын алады.

Екінші бөлімде, Рикардо Амарантенің көрермен қошеметіне бөленген «A fuego Lento» бір актілі балеті көрсетіледі. Мұнда бойжеткен мен бозбаланың бас қосқан кезінде пайда болатын сезім толқынын тануға болады: бастапқы қызығушылықтан бастап, жан-тәніңді өртеген құмарлыққа дейін. Балеттің эмоциялық қуатын еселету үшін, балетмейстер бразилиялық самбо биінің элементтерін қолданады. Театр репертуарындағы осы спектакль өзіндік бояуымен ерекшеленіп қана қоймай, көрермен қуым мен әртістердің де ерекше ықыласына ие.