23/10/2023

«Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға бағытталған мәдениет және өнер саласындағы үздік жұмыстар мен шығармалар үшін» сыйлық

Құрметті Айгүл Әбікенқызы, Әсел Тілектесқызы және Мүслім Садықұлы


«Астана Балет» театрының ұжымы Сіздерді «Үздік концерттік бағдарлама» номинациясы бойынша «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға бағытталған мәдениет және өнер саласындағы үздік жұмыстар мен шығармалар үшін» берілетін сыйлықпен марапатталғаныңыз үшін шын жүректен құттықтайды.

«Ұлы Дала мұрасы» – үздік хореографиялық миниатюралар жиынтығы. Алғаш сахналанған кезден бастап дүниенің төрт құбыласындағы көрерменді тамсандырып, мәдениетіміз үшін мақтаныш сезімін оятып келеді.

Асқан дарыныңыз, үнемі кемелдікке ұмтылуыңыз әрі ұлттық хореографиямыз мәдени мұрамыздың бөлшегі екенін терең ұғынуыңыз тек қошеметке лайық. Бұл марапат – еліміздің өнері мен мәдениетіне қосқан зор үлесіңіздің айғағы.

Шығармашылық айдыныңыз кеңейе түссін деп тілейміз! Шабытыңыз сарқылмасын. Ұлттық хореографиямызды бағалай білетін көрерменнің қатары арта берсін.

Игі тілекпен, «Астана Балет» театрының ұжымы.