26/09/2019

Жаңа маусымның алғашқы премьерасы - «Кончерто Барокко"

Қазан айының 4 мен 5 күндері «Астана Балет» Театрының сахнасында  «Кончерто Барокко» спектаклінің премьерасы өтеді. Джордж Баланчиннің бір актілі балетін қойған, маэстроның шәкірті – француз хореографы Нанетт Глушак.

1941 жылы шығарылған балет, осы күнге дейін әлемнің жетекші театрларының репертуарынан орын алып келеді. «Кончерто Бароккода» не сюжет, не кейіпкер жоқ, так физикалық күйге түскен музыка ғана. Спектакль костюмдері мен декорациялар қарапайымБаланчин сәнге айналдырған минимализм әлі де салтанат құрып келеді.

Премьераға дайындыққа екі апта ғана бөлініп отырқысқа мерзім болғанымен, қоюшы-хореограф әртістердің алға қойған мақсатына жететініне сенімді.  «Ең бастысы олар жаңалыққа құштар, шеберлігін ұштай түсуге асық» - дейді Нанетт Глушак.

«Астана Балет» Театрының әртістері америкалық неоклассиканы бұдан бұрын да билеген: екі жыл бұрын астанамызда әйгілі «Серенада» балетінің премьерасы өткен. Ол кезде біздің ұжым Орта Азияда Джордж Баланчин қорымен бірлесе отырып, хореограф стилінің стандарттары мен техникасы сәйкес спектакль қойған алғашқы театр еді. Нанетт Глушак бірнеше жыл бұрын Қазақстанға келіп, әртістерге шеберлік-дәрістерін өткізгенін, сөйтіп, жаңа, ғажайып театрмен танысқанын еске алады:

- Осы күні балет труппасы едәуір өскен, біліктілігі артып, кемелдене түсті, бұл ғажап қой – дейді хореограф.

Премьера кезіндегі әртістер құрамы әлі жасырын сақталып келеді. Театр өнерінде мұндай тәжірибе бары рас – қарымды шығармашылық бәсеке үшін осындай қадамға барады. Алайда, бұл қойылымға Театрымыздың жетекі солисттері қатысатыны анық: Татьяна Тен, Фархат Бөриев, Дарина Қайрашева, Айнұр Әбілғазина, Назерке Аймұхаметова, Сүндет Сұлтанов және өзгелері. Қоюшы-дирижер – Арман Оразғалиев.

Премьера «Америкалық балет кеші» атты жаңа бағдарламаның аясында көрсетілмек. Астана тұрғындары мен қонақтарына жаңа спектакльден бөлек, көрермен көзайымына айналған Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен Николо Фонтенің «Махаббаттың ғайып болған дарабоздары» да тарту етіледі.

Спектакльдердің басталуы: 4-қазан, сағат 19:30, 5-қазан, сағат 18:00.