02/12/2024

«Щелкунчик» ертегі балетімен бірге жаңа жылдық мереке қарсаңындағы ғажайыптарды күтеміз

Жаңа жылдық мерекелер әлі басталмағанымен, каникул кезіндегі мектеп оқушыларының жадырған көңіл-күйі мен ересектердің көптен күткен Жаңа жыл қарсаңындағы ерекше күйі «Астана Балет» көрермен қауымының жүрегінен орын алды.  Арман мен тілектердің орындалуына деген үміттің сиқырлы атмосферасынсыз «Щелкунчик» балетін елестету қиын. Театр осы әйгілі балеттің Василий Вайноненнің көркем әрі өте әсерлі редакциясының нұсқасын сахналанды. Бұл спектакль алғаш рет Мариин театрының сахнасында көрсетіліп, әлемдегі ең танымал балеттердің біріне айналған болатын. Осы спектакльсіз Жаңа жыл мерекесін елестету мүмкін емес. Осы спектакльді тамашалау көптеген адамдар үшін жақсы дәстүрге айналған.

         Астана сахнасында балетті қоюшы РФ халық әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова елордалық сахнаға Вайнонен хореографиясын айна-қатесіз көшіріп, тың бояулармен байытып, танымал редакцияның атмосферасын сақтап қалды. «Астана Балет» сахнасындағы «Щелкунчиктің» айрықша белгілерінің бірі – қойылымға қатысатын Хореография академиясының балалары өте көп. Жас әртістер үшін бұл мереке әрі жұмыс, мамандықты тереңнен ұғыну және алғашқы сахналық тәжірибе. Спектакльде Академия оқушылары бірінші акт сахналарына, ақшақарлар биіне, қуыршақтар биіне қатысады. Жас әртістерге ересектермен бірдей талап қойылады: мінсіз техника, артистизм, эмоционалдылық.

         «Щелкунчик» спектаклі 7 жылдан бері «Астана Балет» театрының сахнасында қойылып келеді. Жыл сайын шамамен 10-15 мәрте көрсетіледі. Биыл әртістердің костюмдері мен декорацияларды, реквизитті жаңартылды. Сөйтіп, ол алғаш қойылған сәтіндегідей тағы да жарқырап қоя берді.

         Әртістердің де «Щелкунчикке» деген көзқарасы ерекше. Көрермен қауым секілді, олар да мерекенің сиқырлы атмосферасын сезінеді. «Щелкунчикті» ыстық ықыласымен қабылдайтын көрермен қауымға ерекше эмоциялар сыйлауға тырысады; яғни, жақсылық әрқашан жеңетініне, махаббат барлық сынақтарды өткеріп, зұлым күштің сиқырын талқандайтынына, ал, достар қиын сәтте қолұшын созатынына деген сенім ұялатады.