Астанада өнер саласындағы алғашқы Umai ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 5 айға созылған конкурсқа қатысу үшін төрт жүзден астам өтініш тапсырылған. Жүлдегерлерді марапаттау «Астана Опера» театрының Үлкен залында, «Оскар» жүлдесін үлестіру форматында өтті.
Umai сыйлығының салтанатты рәсімін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ашып, байқауға қатысушылардың бәрін құттықтап, шығармашылықтарына табыс тілеп, өнер саласындағы биік белестерді бағындыруына тілеулестігін білдірді. Жалпы, жеңімпаздарға үлестірілетін мүсіндер және қаржылай жүлдемен 19 лауреат марапатталды.
«Хореография өнері» аталымы бойынша лауреаттар:
«Үздік хореограф» - Мукарам Абубахриева, «Бейбарыс сұлтан» балеті;
«Балеттің үздік орындаушысы» – үздік солист – Айнұр Әбілғазина.