01/04/2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі мәлімдемесі күллі қазақстандықтарға дем берді. 

Себебі, демеу беретін бірауыз сөзден бөлек, отандастарымыздың біршамасына әлеуметтік қолдау да аса қажет. Ел Президенті мемлекет тарапынан халыққа көрсетілетін қолдау жайын тілге тиек етті. Демек, біз жалғыз емеспіз, бізге көңіл бөлінеді. Дағдарыстың кесірі де кеми түседі. 

Пандемия басылып, көп ұзамай баршамыз үйреншікті тіршілігімізге кірісеміз. 

Ең бастысы - бірге болу.