06/07/2020

«Астана Балет» театрының ұжымы барша қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтайды!

Тарих өлшемімен алғанда елордамыз әлі жас. Әйтсе де, бұл жастық алаудың, гүлденген әрі

жарқын болашақтың көрінісі. Бұл біздің ынта-ықыласымыздың, арман-тілегіміздің,

жасампаздығымыздың символы. Көз алдымызда көркейіп, технологиялық тұрғыдан жаңа қалаға

айналған Нұр-Сұлтан қарқынды дамып жатқан еліміздің жарқын мысалындай. Мұнда ірі саяси

және мәдени оқиғалар тоғысқан. Мұнда өнер, білім беру, бизнес саласы өркен жайған. Бұған

әрқайсымыз үлес қосып, еңбек етіп, шабытымызды арнадық.

«Астана Балет» театрының ұжымы күллі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтай отырып,

баршаңызға деннің саулығын, үй-ішіңіздің амандығы мен берекесін тілейді! Жаңа маусымда

жолыққанша, күн жақсы болсын!