02/05/2020

«Астана Балет» театрының ұжымы Ақтоты Рахметоллақызын туған күнімен құттықтайды!

Бүгін мәдениет және спорт министрі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Рахметоллақызының туған күні! «Астана Балет» театрының ұжымы Ақтоты Рахметоллақызын шын жүректен туған күнімен құттықтап, деннің саулығын, жарқын жетістіктер мен игілікті еңбегінде сарқылмас қуат тілейді!  

Тәжірибелі, жасампаз қуаты мол, қарапайым адам. Бүгінгі туған күн иесін осылай сипаттауға болар. Оның өмір жолы өнермен астасып жатыр: ол Қазақстан Композиторлары одағының, Халықаралық заманауи музыка қауымдастығының мүшесі, Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі. Кейін осы оқу орнында дәріс берген. Өнертану докторы. Ақтоты Рахметоллақызы ұлттық мәдени мұраны сақтап, дамыта түсуге үлес қосып келеді; біз, өнер адамдары, әрқашанда оның қолдауы мен қамқорлығына ие боларымызды білеміз.


Құрметті Ақтоты  Рахметоллақызы! Сізге бақыт тілейміз! Мәдениет және спорт министрі қызметіндегі жетістіктеріңіз мол болғай!