«Астана Балет» театрының бас балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри және жетекші солист Сүндет Сұлтанов бейресми түрде «Балет Оскарына» балатын, хореография саласындағы ең беделді әлемдік марапаттардың бірі – Benois de la Danse 2025 дипломанты болғанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Марапаттау рәсімі мен номинаттардың гала-концерті 17-маусымда Ресей Үлкен театрының сахнасында өтті. Қазақстандық әртістер «Астана Балет» театры мен «Almaty Theatre» бірлескен жобасы – «Киелі би» резонанстық балетінен «Qash» үзіндісін көрсетті. Заманауи хореография мен ұлттық сарынды үндестіре білген қойылым кәсіби қоғамдастық тарапынан оң бағасын алған.
«Үздік биші» номинациясы бойынша сыйлықтың дипломанты Сүндет Сұлтанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Әбілғазинамен дуэтте Фредерик Шопен мен Дэвидсон Джаконеллоның музыкасына словак-неміс хореографы Кристина Паулин қойған «Желтоқсан жауыны» балетінен үзінді орындады. Сахналық тартымдылық, ішкі драматизм мен әртістердің орындаушылық шеберлігін көрермен қауым мен сарапшылар қауымдастығы ыстық ықыласпен қабылдады.
Benois de la Danse фестиваліне қатысу – қазақстандық балет мектебінің жоғары деңгейі мойындалып, еліміздің заманауи хореографиясы халықаралық аренада лайықты орнын алғанының дәлелі.
Мукарам Авахри, Сүндет Сұлтанов пен Айнұр Әбілғазинаны лайықты жетістіктерімен құттықтап, жаңа шығармашылық белестерді бағындыруын тілейміз!