19/10/2018

Американың әйгілі хореографы Қазақстанда жаңа қойылым әкелді

Қарашаның екісі мен үші аралығында АҚШ-тан келген хореограф Николо Фонте «Астана Балет» театрының көрерменіне италиялық композитор Эцио Боссоның музыкасына қойылған «Махаббаттың ғайып болған дарабоздары» («Love’s Lost Idols») атты тың дүниесін тарту етпек. Бұл жайлы баспасөз мәслихатында айтылып, артынан, театрдың жетекші солисттерінің қатысуымен репетиция басталып кетті.

Николо Фонтені АҚШ пен Еуропа жұртшылығы батыл әрі жаңашыл хореограф ретінде таниды. Сыншылардың жазуынша, Николо Фонтенің балеттеріне экспрессия мен қызықты сюжет тән. Сонымен қатар, сыншылар қауымы Фонтенің қойылымдарын – пластикалық тілі мен идея, би және дизайн тоғысқан заманауи синтезден танисың деген пікірде.

Ол Бруклинде (Нью-Йорк) дүниеге келіп, классикалық биді Джоффри балет студиясында үйрене бастайды. Монреаль мен Мадридте биші ретінде танылды. Нақ осы Мадридте оның дара хореографиялық тілі қалыптасты. «In hidden seconds» («Ұстатпайтын секундтар») балеті жыл құбылысына айналғаны да осыдан. 2000 жылы ол таза хореография шығаруға бел буып, бишілікті тастайды. Осы уақыт аралығында, ол Дания корольдік балеті, Голландия ұлттық балеті, Хьюстон, Пенсильвания, Штудгардт балеттеріне, Фландрия Корольдік балеті мен Австралия балетіне арнап спектакль қойған.

«Репертуарымызда жаңа хореографиялық тіл пайда болатыны қөуантады. Ол өте көркем әрі ұғынықты. Меніңше, бұған Эцио Боссоның музыкасы да әсер етеді. Балет солисттерінің қимылдары – монологтары мен диалогтарының ағытылған шері. Хореографтың ойы мен жеткізбекші болған дүниесі де осы. Өз басым үшін, бұл хореографтың адам баласы үшін асыл сезімдердің бірі – махаббаттың өзінің ішкі қайшылықтары бар деген сынды ойды жеткізгісі келген тәрізді», ,- дейді Мукарам Авахри.

Театрдың мерейтойлық 5-ші маусымы «Бұл дүниеде бәрі өткінші екенін біле тұра, қалайша ғашық болып, әлденені іш тартамыз?» – деген фәлсафалық сұраққа хореографтың жауабы іспетті. Сын қырлы, көркем, кейде, тіпті экспрессиялы би тілінің арқасында бишілер сахнада өмірдің бір сәтін суреттеп, көрерменіне: «Сіздерге бар керегі – әрекет ету» деп тұрғандай.

«Астана Балет» театрының шақырылған хореографы Рикардо Амаранте Николо Фонтемен бірге Еуропада бірнеше рет қатар жұмыс істегенін еске алды.

«Оның қойылымдарын көрермен зор қошеметпен қабылдағанына куә болғаным бар. Әдетте, оның қойылымдарынан кейін, компанияның бағы ашылады. Себебі, ол әртістерге өсіп, кемелденіп, еңбек етіп, дәріс алуды үйретеді», - дейді Рикардо Амаранте.

Труппа балетмейстермен алғаш Нью-Йоркте, театрдың былтырғы гастролі кезінде кездескен болатын. Ұжымның бағдарламасын тамашалап болған соң, Фонте театрдың кәсіби біліктілігін әлденеше рет атап өтіп,бишілердің сұлу мүсіні мен ішкі қуатына таңданысын жасырмады. Кейін, елордалық театрға арнайы дайындалған қойылым жасау туралы келісімге қол жетті.

«Николо Фонтемен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинадық. Ол бізге дегенін істетіп ғана қоймай, өзіміздің де музыкадан алған әсерімізді, оның қандай қимыл жасауға итермелеп жатқанын сұрайтын. Бұл, көзіміз үйренген, классикалық қимылдар емес қой. Ал, хореографтың ұсынғаны бір қарағанда ебедейсіздеу көрінер, мүсін өнерімен байланысты қимылдар. Мұның көркі де осында. Қойылым барысында өзіңді мүлдем басқа бейнеде көресің. Тәнің музыкамен үндесіп, үйреншікті дүниеден бөлек, мүлдем басқа әрекет жасатады. Біз хореографтың ішкі сезімін осы қойылым барысында көрерменімізге жеткізуге тырысамыз», - деп атап өтті, театр солисті Татьяна Тен.

Хореографтың пікірінше, Эцио Боссо музыкасы «болмашы» түнек секілді. Алайда, ішкі сәулесі бар. Ол қабырғадағы жарықшақтан сыртқа атылатын шам жарығы іспетті әсер қалдырады.

«Спектакль хореографиясы күрделі болғанмен, жұмыс істеу өте қызық. Өмірдің бір сәті джегеніміз не екенін көрерменімізге хореография тілімен жеткізу алуымыз керек. Адам баласы «қазір» және «осында» деген екі ұғымды естен шығармай, алай-дүлей әлемдегі өмір мәнін ұмытпауы тиіс. Онымен жұмыс істеу өте қызық. Ол өте эмоциональді балетмейстер. Әртістермен бірден тіл табысып кетті. Жұмыс қызу жүріп жатыр», - дейді, театрдың жетекіш солисті Айжан Мұқатова.

Сонымен қатар, театрдың бас балетмейстері, өзі қоймақшы «Бейбарыс» спектакліне дайындық басталғанын жеткізді.

«Спектакль екі көріністен тұрады. Сюжеті берік. Бұл эксперимент тәрізді. Мұнда көркемдік және сахналық шешімдер қатар тұр. Бұл кинобалет болар, сірә. Біздің театрымыз үшін мұның мол тәжірибе екені даусыз. Мақсатымыз – көрерменімізге құл болып жүріп, ел басқарар патшаға дейін өскен дала ұланының өмірбаянын хореография тілімен баяндау», - деді ол.

Театрдың баспасөз қызметі «Бейбарыс» спектаклінің премьерасы таяу күндері белгілі болатынын айтты.