Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы жарлыққа қол қойды.
Тұңғыш Президенттің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары және құрмет белгілерімен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ, Қазақстан мәдениетін қалыптастырып, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан дарын иелерін мемлекетік қолдау мақсатында беріледі.
2021 жылғы стипендия иегерлерінің ішінде «Астана Балет» театрының жетекші солисті Сүндет Сұлтанов та бар.
«Астана Балет» театрының ұжымы Сүндет Сұлтановты лайықты марапатымен құттықтап, кәсіби биіктен көрінуіне тілектестігін білдіреді!