13/04/2019

KFW – 2019: жылдың ең сәнді оқиғасы «Астана Балет» театрының сахнасында өрбиді

Елдегі бас фэшн-оқиғаның көңіл аударар тұсы - «Астана Балет» театрының тартуы. Театр әртістері жиналған қауымды әсемдік пен қиял әлеміне жетелеп әкетіп, осының өзі кештің сәнін келтірмек. Үш күн бойы дизайнерлік коллекцияларды тамашаламас бұрын, жиналған меймандарға театр репертуарындағы ғажайып хореографиялық композициялар көрсетіледі. Романтикалы атмосфера - балет өнерінің һас сұлулығы мен сымбатын тануға жол ашады.

рет, қазақстандық сән апталығын ашу құзыры кәсіби сәнқойлармен қатар, астаналық театр прималарына да бұйырып отыр. «Астана Балет» театрының жетекші солисттері Риза Қанатқызы мен Айжан Мұқатова сән апталығының бірінші және үшінші күні, Aida Kaumenova, Alex Chzhen, Naiyl Baikuchukov, Yerlan Zholdasbek, Keti Chkhikvadze, Tamara Lamanukaeva сынды әлемдік және отандық дизайнерлердің көктемгі сән коллекциясын KFW подиумында көрсетпек. KFW-2019 барысында, сондай-ақ, Tiko & Dinara Satzhan, Lariya, Bibisara, Di Siitova, Kiori, Zeken Moda және Aya Bapani секілді бірегей бренд өнімдерімен де танысуға болады.

Атап өтерлігі, Kazakhstan Fashion Week – 2019 бас қонағы әрі хэдлайнері қазақстандық-америкалық сәнқой, Нью-Йоркте тұратын Алёна Субботина «Астана Балет» театрында бірегей шеберлік-сыныбын өткізбекші. Қазақстанның ірі байері, сән сарапшысы Лилия Рах, Ресейлік топ-стилисттер Оксана Он мен Гала Борзова да осы сән апталығы аясында бірегей дәрістерін оқып, шеберлік-сыныптарын жоспарлап қойған. Олар стиль сырын ашып, әлемдік сән нені тренд санайтынымен бөліспек. Ал, қазақстандық дизайнерлер Наиль Байкүшіков пен Аида Кәуменова "Астана Балет" театрының өндірістік цехтары үшін арнайы шеберлік-сыныптарын өткізбекші.