12-қазанда «Астана Балет» театрында белгілі француз дирижері Кристоф Мангудың жетекшілігімен Симфониялық оркестрдің концерті өтті. Концертте француз композиторларының танымал шығармалары ғана емес, қазақ композиторларының шығармалары да орындалды.
Концерт бағдарламасы күрделі және әр түрлі болды. Концерт барысында бірнеше бөлек туындыны емес, ортақ сарыны бар, бір ауқымды шығарманы орындаған әлдеқайда жеңілірек. Ал бұл концерттің бағдарламасыда әр түрлі композиторлардың шығармалары орындалды. Концерт барысында Пол Дюктің «Сиқыршының шәкірті» және Камил Сен-Санстың «Ажал биі» симфониялық поэмалары шырқалды. Морис Равельдің шығармалары да таңдалды: сирек орындалатын «Ертегіші шешей» және әлемдегі үздік оркестрлердің репертуарына кіретін әйгілі «Болеро». Түрлі композиторлардың туындылары орындалатын концертте музыканттар мен дирижерге қиын. Музыканы қабылдау көзқарасын әрдайым өзгертіп отыру керек. Бірақ симфониялық оркестр мен дирижер Кристоф Мангу бұл сынақтан сүрінбей өтті. Көрерменнің жылы ықыласы мен ілтипаты бұған дәлел. Кристоф Мангу «Астана Балет» симфониялық оркестрімен алғаш рет жұмыс істеп, ризашылығын жасырмады. «Бұл оркестрмен жұмыс істеу маған қуаныш сыйлады, – деп атап өтті Кристоф Мангу. – Бұл оркестрде ерекше энергия бар. Оның құрамында жас музыканттар көп, олар бәрін жоғары деңгейде жасағысы келеді және бұл бүкіл оркестрлерге тән деп айта алмаймын. Өзге оркестрлерде, соның ішінде Францияда мен кейбір музыканттардың 100% барын салатынын, ал, басқаларының өйтпейтініне куә болдым. Ал бұл оркестрдің музыканттары менің нұсқауымсыз-ақ әуенге түрлі өзіндік бояулар қосып, таң қалдырды. Демек, шығарманы сезіне алады. Ғажайып әуезді әуелетті. Мен өте қуаныштымын». Тыңдаман қауым бұл концерттен шабыт алып, ерекше күйге бөленді. Музыканттар Француз музыкасына тән және әлемдегі ең қызықты әрі ықпалды музыкалық мәдениеттердің бірінің стилінің ерекшеліктерін паш ететін ерекше әуенді тарту етті.
Концерт бағдарламасы өте қызықты болды, өйткені көрермендер тек француз классикасын ғана емес, сонымен қатар, симфониялық оркестр мен «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі бірлесіп орындаған Ақтоты Райымқұловтың «Дала сыры» шығармасын да тыңдады. Кристоф Мангудың пікірінше, француз және қазақ музыкасының ортақ тұстары бар: «Параллель жасауға болады. Мысалы, қазақ даласы және олардың медитациялық сипаты. Мұны Равель мен Дебюсси сияқты композиторлардың импрессионистік музыкасымен салыстыруға болады. ХХ ғасырдың басында жазылған олардың шығармаларында ерекше «медитация» және пейзажға ұқсас түрлі-түсті дыбыстық палитра бар». «TURAN» этно-фольклорлық ансамблімен жұмыс істеу Кристоф Мангуға да әсер етті: «Маған дәстүрлі қазақ музыкасы өте ұнайды. Домбыра, қобыз – мұның бәрі керемет. Оркестр құрамында осы аспаптармен музыка жасау – таңғажайып тәжірибе. Ақтоты Райымқұлованың «Дала Сыры» шығармасында маңызды сәт бар: медитация мен күш арасындағы тепе-теңдік. Бір жағынан – тыныштық, бақсылық сарындар, ішкі фокус, ал екінші жағынан – орасан энергия. Ол жылқының шабысы немесе мерекеге тән. Бұл өте қуатты, күшті, бір-біріне қарама-қарсы элементтердің үйлесімі дер едім».
Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әйгілі шығармасы тыңдармандардың көңілінен шықты. Мангу интерпретациясында қазақстандықтарға жақсы таныс бұл әуен өзгешелеу реңкке боялғандай. Әсем әрі нәзік саз жылы қабылдағаны, шынайы ықыласын білдіргені үшін және жаңа кездесулерге үміт арта отырып, бұл туынды тыңдарман қауымның алдында тағы бір орындалды.