21/12/2022

«Астана Балет» театрының қаңтар айындағы афишасы

Қаңтардың 6, 7 және 8 күндері «Астана Балет» театры Радик Салимовтың музыкасына Георгий Ковтун қойған «Қар патшайымы» атты ғажайып ертегі-балетті көрсетеді. Оның премьерасы желтоқсан айында зор табыспен өткен болатын. Элмар Бөрібаевтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестр нағыз музыкалық ғажайып сыйлап, мекерелік көңіл-күй сыйлайды.

«Астана Балет» театрының әртістері ғана емес, Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары да қатысқан, даниялық жазушы Ганс Христиан Андерсеннің осы аттас ертегісінің желісімен қойылған балет елорданың мәдени тынысындағы бірегей құбылысқа айналды. Бұл артық айтқандық емес, себебі, премьераның билеттері алын-ала сатылып кетіп, қаңтар айында қосымша көрсетілім ұйымдастыруға тура келді. Астаналық театрдың тұрақты көрермендері «Щелкунчик» спектаклінен бөлек, тағы бірі мерекелік қойылымды тамашалай алады. Бұл балетті көрген адамдар ерекше күйге бөленіп, ертеден таныс кейіпкерлерімен қайта қауышып, нағыз ғажайыпға сеніп артатын болады.

14-қаңтарда «Астана Балет» театрында «Suono nuovo» атты камералық музыка кеші өтеді. Астаналық театр қала тұрғындары мен қонақтарын «құлақтан кіріп, бойды алар» музыканы тыңдауға шақырады. Осы концертте орындалатын туындылар талай ғасыр адамзат баласымен қатар жасап, шығармашылық шыңының арқасында талай буынның көкірек көзін оятқан, ізгілікке шақырған кемел туындылар. Олар қарапайым тыңдарман қауымның ғана емес, кәсіби музыкашылардың да сүйіп орындайтын туындыларына айналды.

Кәсіпқой орындаушылардың ғажайып құрамы данышпан композиторлардың шығармаларын ұсынып отыр: И. Пахельбель «Канон»; В. Моцарт «Валторна мен ішекті аспаптарға арналған квинтет»; И. Бах №6 «Бранденбург концерті» мен №2 «Сюита»: «Менуэт, Әзіл»; «2 виолончельге арналған концерт», «4 скрипкаға арналған концерт» және А. Вивальди «Жыл мезгілдері: «Қыс». Жаратушы дарытқан кемел рухтың арқасында құт қонған дарын иелері шығарған туындылар талай ғасырдан бері адамзаттың рухани серігіне айналғаны айтпаса да түсінікті.

27-28 қаңтарда «Астана Балет» сахнасында С.Прокофьевтің «Күлше қыз» спектаклі көрсетіледі. Көпшілікке ертеден таныс ертегінің желісі, яғни, кедей қыздың әуелі патша сарайындағы би кешіне қатысып, кейін, нағыз ханшайымға айналғаны жайлы оқиға би тілімен баяндалады. Расында, Ш. Перроның қаламынан шаққан ертегі балетке сай келіп тұр. Мұнда бәрі бар: ғажайып өзгерістер мен құбылулар, сарайдағы би кеші, махаббат жайлы әпсана және жақсылықпен аяқталған оқиға бар.

Хореограф Надежда Калинина отбасы түгел бас қосып тамашалайтын, әзіл-әжуасы бар спектакль шығарды. Балетмейстердің түрлі би мәнері мен техникадан құралған өзіндік қолтаңбасы көрермен тарапынан ерекше ілтипатпен қабылданды. Сахнаның безендірілуі де ерекше, көрерменді шат-шадыман күйге бөлейді. Маэстро Арман Оразғалиевтың басқаруындағы оркестр де сиқырлы-ғажайып, мерекелік әуенді әуелетіп әкетіп, өте күрделі әрі жұмбаққа толы партитураны толық меңгергенін танытты. Спектакльге театрдың бүкіл балет труппасы мен Қазақ ұлттық хореография академиясының жасөспірім оқушылары қатысады.

Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.