9 ақпанда «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедияров, «Астана Балет» театрының директоры Александр Совостьянов пен Ресейдің Үлкен театрының бас директоры Владимир Урин «Астана Опера» МОБТ бас қосты. Тұңғыш рет театрлардың директорлары Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стратегиясын жүзеге асыру аясында мүмкін болып отыр.
Ынтымақтастық туралы келісімге сай, тараптар түрлі бағыттағы ынтымақтастықты дамыту түседі. Пікір алмасу барысында, театрлардың басшылары біршама жобаны алға тартты. Соның ішінде, «Астана Опера» және «Астана Балет» солисттерінің Үлкен театрда өнер көрсетіп, тағылымдамадан өтуі сынды жобалар бар.
Ынтымақтастық туралы келісімге ресми қол қоймас бұрын, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Владимир Урин, ұжымның шығармашылық мүмкіндіктерін сарапқа салу үшін, «Астана Балет» театрына ат басын тіреді. Басшылықпен және шығармашылық ұжыммен жолыққан кезде, ол осы тектес сәулет ғимаратының барының өзі бақыт деген сыңайдағы ойын білдірді.
Қонақтарға арнап көрсетілген жиырма минуттық арнайы бағдарламада қоюшы-хореограф Мукарам Авахридің «Саломея», Уильям Форсайттың «In The Middle, Somewhat Elevated» және шақырылған хореограф Рикардо Амарантенің «A Fuego Lento» сынды үздік қойылымдарының үзінділері мен қоюшы-балетмейстер Айгүл Тәтидің «Әсем қоңыр» атты миниатюрасы көрсетілді. «У казахстанского балета появляется свое лицо.
«Осында көргенімнің бәрі, Форсайттан өзгесі, сіздің сахнада жасалған. Яғни, сендер өзге балет театрлары секілді бар нәрсені қайталап қойып жатқан жоқсыңдар, өздеріңнің дербес дүниелеріңді сахнаға алып шығып отырсыңдар. Яғни, өздеріңнің бірегей дүниелеріңді паш етіп келесіңдер. Өзгелерден сендерді бөліп тұратын да осы жәйт», - деген пікірімен бөлісті Владимир Урин, бағдарламаны тамашалап болған соң.
Владимир Урин Театр репертуарында «Махаббат туралы аңыз» атты ұлы балет қойылғаннан кейін, қазақ әртістерін Үлкен театрда өнер көрсетуге шақыратынын айтты. Айта кетейік, Ресейдің әйгілі балетмейстері Юрий Григорович туындысының «Астана Балет» театрындағы премьерасы биылғы жазда өтеді деп жоспарланған. Ал, әртістердің тәжірибе алмасуы Ресей және Қазақстан театрларының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін, яғни, 2019 жылдың ақпан айынан бастап жүзеге асырыла бастайды.
Владимир Уриннің айтуынша, бұл байланыс «аға мен іні» арасындағы байланыс іспетті емес, керісінше, терезесі тең шығармашылық ұжыммен байланыс тұрпатында жүзеге асырылмақ. Өйткені, елордалық «Астана Балет» және «Астана Опера» театрларының жетістіктері орасан. Үлкен театр директоры театрларды өзара жақындастыратын дүниелер табылып, зор үміт артылып отырған ынтымақтастық көзбояушылық емес, керісінше, шын мәнісіндегі доспейіл әрі терезесі тең тараптардың өнер саласындағы ынтымақтастығына айналатынына сенімін білдірді.