16/10/2020

«Астана Балет» театрының әртістері «Халық алғысы» құрмет медаліне ие болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Балет» театрының жетекші  солисті Татьяна Тен, жетекші солист Дилара Шомаева, сонымен бірге, жетекші солист, ұстаз-репетитор, "Құрмет" орденінің иегері Қазбек Ахмедияров «Халық алғысы» құрмет маделімен марапатталды.

Татьяна Тен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жетекші  солист

Дилара Шомаева, жетекші солист

Казбек Ахмедьяров, жетекші солист, ұстаз-репетитор

Марапаттау рәсімін онлайн форматта ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өткізді. Атап өтерлігі, «Халық алғысы» медалімен марапатталатындар коронавирус инфекциясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар: дәрігерлер, полицейлер, әскерилер, волонтерлар, меценаттар, БАҚ өкілдері, сонымен бірге, осы күрделі кезеңде халықты қолдауға бағытталған түрлі жобаларға белсенді ат салысқан мәдениет саласының қызметкерлері.

«Астана Балет» театрының ұжымы әртістерді осы марапатымен құттықтап, кәсіби жетістіктер тілейді!