«Астана Балет» театрының желтоқсан айындағы қойылымдарының афишасына қысқы мереке күндері дәстүрлі түрде көрсетілетін спектакльдер мен концерттік бағдарламалар енген.
12-желтоқсан, сағат 18:00 Сергей Прокофьевтың музыкасына қойылған екі көріністі «Күлше қыз» қойылымы көрермен назарына ұсынылады. Күлше қыз бен Ханзада партиясын жетекші солисттер Татьяна Тен мен Қазбек Ахмедияров орындайды. Көрермен залындағы адамдар саны шектеулі болғандықтан, билеттер таусылды. Әйткенмен, «Күлше қыз» қойылымын қаңтар айында да тамашалай аласыз.
16-желтоқсан, сағат 18:00 еліміздің Тәуелсіздік күніне орай, «Ұлы Дала мұрасы» дивертисменті көрсетіледі. Мерекелік концерт бағдарламасы отандық балетмейстерлер қойған ұлттық хореографияның озық үлгілерінен құралған.
Ал, желтоқсанның 24 мен 31 аралығында «Астана Балет» театры әлемге әйгілі балеттердің бірі – «Шерткіш» (хореография Василий Вайнонен) туындысын тамашалауға шақырады. Спектакльге Э.Гофманның әйгілі неміс ертегісінің желісі негізінде А. әке-Дюма жазған қуыршақ пен тышқандар патшасы жайлы ертегі алынған. Балет дүние жүзіне кең таралып, жаңа жылдық мерекенің дәстүрлі символына айналды. Шерткіштің сан-түрлі интерпретациялары бар, дегенмен, Василий Вайнонен нұсқасы әлемнің көптеген театрларында қойылып келеді. «Астана Балет» театрында әйгілі балетті РФ халық әртісі Алтынай Асылмұратова сахналады.
Коронавирус пандемиясы кезінде өнер қайраткерлері көрермен қауыммен қауышудың жаңа формаларын игере бастады. Мысалы, Abai TV телеарнасының эфирінен театр репертуарындағы екі спектакль көрсетілді –Раймондо Ребектің «Өткенге саяхат», Рикардо Амарантенің «Love Fear Loss» туындысы, ал, 28-желтоқсанда «Астана Балет» театрындағы қазақ биінің феномені» атты деректі фильмді көре аласыз.