Зейнулла Дәуіржан Ғалымжанұлы

Контрабастар тобының концертмейстері

2016 жылы Қазақ ұлттық өнер университетін «Контрабас» мамандығы бойынша (доцент А. А. Якушкиннің сыныбы) тәмамдаған.

2012–2016 жылдары ҚазҰӨУ Еуразиялық ұлттық симфониялық оркестрінің контрабастар тобының концертмейстері болып жұмыс істеген. 2015–2021 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінде контрабастар тобының әртісі және концертмейстері қызметтерін атқарған.

2019 жылы ТМД елдерінің оркестраралық жобасына Ресейдің ұлттық жастар симфониялық оркестрімен бірге қатысқан. 2019 жылдан бастап ТМД елдерінің Жастар симфониялық оркестріне шақырылған әртіс.

Марапаттары:

* 2009 — Ахмет Жұбанов атындағы жас орындаушылар халықаралық байқауының Гран-при иегері (Алматы).
* 2010 — Ішекті-ысқышты аспаптарда орындаушылар халықаралық байқауының III жүлдегері (Астрахань).
* 2011 — Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы республикалық орындаушылар байқауының II жүлдегері (Астана).
* 2011 — Ішекті аспаптарда орындаушылардың XI өңіраралық байқауының I жүлдегері (Магнитогорск).
* 2011 — Загир Исмагилов атындағы халықаралық музыкант-орындаушылар байқауының II жүлдегері (Уфа).
* 2015 — «Шабыт» XVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің I жүлдегері (Астана).

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінде контрабастар тобының концертмейстері болып жұмыс істейді.