Умаров Станислав Каримович
Симфониялық оркестр әртісі (кларнет)
2001 жылы Ташкент қаласындағы В. Успенский атындағы Республикалық арнайы музыкалық мектепті Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Б. С. Салиховтың кларнет сыныбы бойынша тәмамдаған. 2001–2003 жылдары Өзбекстан мемлекеттік консерваториясында, 2003–2005 жылдары Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында білім алған. 2006–2008 жылдары Өзбекстан мемлекеттік консерваториясында ассистентура-стажировкадан өткен.
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты:
* 2000 жыл — Мәскеуде өткен С. В. Розанов атындағы кларнетшілер халықаралық байқауының II жүлдегері;
* 2001 жыл — Ташкентте өткен үрмелі аспаптарда орындаушылардың республикалық байқауының I жүлдегері;
* 2002 жыл — Прагада өткен Prague Spring халықаралық байқауының қатысушысы;
* 2005 жыл — Санкт-Петербургте өткен Н. А. Римский-Корсаков атындағы халықаралық байқаудың дипломанты;
* 2005 жыл — Астанада өткен «Шабыт» халықаралық байқауының Гран-при иегері.
2000 жылы АҚШ-тағы Interlochen Arts Camp музыкалық лагеріне қатысқан. Роман Гийо, Кирилл Рыбаков және Ричард Хокинс секілді белгілі кларнетшілердің шеберлік сабақтарына қатысқан.
1999–2000 жылдары Ұлттық симфониялық оркестрдің әртісі, 2000–2003 жылдары кларнеттер тобының концертмейстері болған. 2003–2006 жылдары Астана филармониясының симфониялық оркестрінде, 2006–2013 жылдары К. Байсейітова атындағы опера және балет театрында кларнеттер тобының концертмейстері қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектепте кларнет сыныбы бойынша сабақ береді. 2013 жылдан бастап «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің кларнеттер тобының концертмейстері.
2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі.