Уәкіл Жігер Еділұлы

Тромбондар тобының концертмейстері

2006 жылы Қ. Байсейітова атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына оқуға түсті. 2015–2019 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде, 2019–2023 жылдары осы университеттің бакалавриатында білім алды.

Өңіраралық және республикалық конкурстардың лауреаты. 2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының тромбондар тобының концертмейстері қызметін атқарады.