Тугельбаев Алибек Аликович

Трубалар тобының концертмейстері

2011–2018 жылдары А. Қ. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында білім алды. 2018–2024 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде оқуын жалғастырды.

Батырхан Шүкенов атындағы конкурс республикалық сыйлығының лауреаты.

Бірінші труба орындаушысы ретінде Берлин филармониясы, Carnegie Hall және Анкарадағы CSO Ada Ankara концерт залдарының сахналарында өнер көрсетті. Tsinandali Festival халықаралық музыкалық фестиваліне қатысты. Сонымен қатар Сочи қаласында өткен музыкалық фестивальде жеке бірінші труба орындаушысы ретінде өнер көрсетті.

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театры оркестрінің трубалар тобының концертмейстері қызметін атқарады.