Шауалова Дана Жанатқызы

Оркестр әртісі (екінші скрипкалар)

2017–2021 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде «Скрипка» мамандығы бойынша білім алған. 2021–2025 жылдары Құляш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бакалавриатын тәмамдаған. 2025 жылдан бастап осы университеттің магистратурасында білім алуда.

2019 жылы Ресейдің Барнаул қаласында өткен Г. И. Пеккер атындағы II халықаралық фестиваль-конкурста трио құрамында I дәрежелі лауреат атанды. 2023 жылы С. Сырлыбаевты еске алуға арналған камералық музыка орындаушыларының республикалық конкурсында трио құрамында I дәрежеге, «QAZAQDUMANY» I халықаралық конкурсында II дәрежеге ие болды. 2022–2023 жылдары Еуразиялық студенттік симфониялық оркестр құрамында Австрия, Германия және Италияда гастрольдік сапарларда болды. 2024 жылы Берлинде өткен Young Euro Classic жастар симфониялық оркестрлерінің халықаралық фестиваліне қатысты.

2023 жылдан бастап «Астана Балет» театры оркестрінің әртісі (екінші скрипкалар) болып жұмыс істейді.