Ильдар Шакирзянов
2013 жылы А. В. Селезнёв атындағы Алматы хореография училищесін (педагог А. Н. Медведевтің сыныбы) тәмамдады.
2013–2023 жылдары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында қызмет атқарды.
2016–2021 жылдары Қазақ ұлттық хореография академиясында «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2023 жылдан бастап «Астана Балет» театрының труппасында еңбек етеді.
Репертуары:
«Махаббат туралы аңыз» - Бейтаныс жан (хореограф Юрий Григорович)
«Шелкунчик» - Дроссельмейер (хореограф Василий Вайнонен)
«Ромео мен Джульетта» - Лорд Капулетти (хореограф Владимир Яковлев)
«Күлше қыз» - Би маманы, Церемонимейстер (хореограф Надежда Калинина)
«Тағдыр бұлтарыстары» - Император; «Бейбарыс сұлтан» - Құтыз; «Саломея»; «Жібек жолы»; «От қыз» - хореограф Мукарам Авахри
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қар патшайымы» - хореограф Георгий Ковтун