Середич Ярослав Андреевич

Оркестр әртісі (ұрмалы аспаптар)

Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін (2012–2016), бакалавриатын (2016–2020) және магистратурасын (2020–2022) тәмамдаған. Өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие.

Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Астана қаласында өткен Жас орындаушылардың республикалық конкурсында I дәрежелі дипломмен, «Шабыт» халықаралық конкурсында II дәрежелі дипломмен және Петрозаводск қаласында өткен «Жаңа ғылым» конкурсында үздік зерттеу жұмысы үшін I дәрежелі дипломмен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланымен ынтымақтастығы және халықаралық мәдени жобаларға қатысқаны үшін грамоталар мен алғыс хаттарға ие болған.

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының оркестр әртісі, 2023 жылдан бастап қосымша оркестр инспекторы қызметін атқарады.