Саматова Анель Рашидқызы
Оркестр әкімшісі, оркестр әртісі (екінші скрипка)
2014 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжіне оқуға түсіп, 2018 жылы тәмамдаған. 2022 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің бакалавриатын, 2024 жылы магистратурасын аяқтаған.
2021 жылы «Астана Балет» театрының симфониялық оркестріне екінші скрипкалар тобының әртісі болып қабылданған. 2023 жылы екінші скрипкалар тобының концертмейстері қызметіне тағайындалып, бұл қызметті 2025 жылға дейін атқарған.
2026 жылдан бастап оркестр әкімшісі қызметін атқарады, сонымен қатар екінші скрипкалар тобының әртісі болып жұмыс істейді.