Сағади Аида Сейтқазықызы

Оркестр әртісі (гобой)

2016 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледжді, ал 2020 жылы осы университеттің бакалавриатын үздік дипломмен тәмамдады.

Халықаралық және республикалық музыкалық конкурстардың лауреаты. Еуразиялық жастар симфониялық оркестрі құрамында халықаралық оркестрлік жобаларға, концерттік және гастрольдік сапарларға қатысты. 2012 жылы дирижер Джерардо Колелланың жетекшілігімен өткен Central Asian Youth Orchestra (CAYO) халықаралық оркестрлік жобасына қатысты. Ресей, Түркия және Италияның жетекші гобой орындаушыларының шеберлік сабақтарына қатысты.

2022 жылдан бастап «Астана Балет» театрының оркестр әртісі.