Риза Қанатқызы
2012 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Макарцева Л. В. сыныбы)
2012 жылдан «Астана Балет» театрының труппасында.
Репертуары:
Әлем (Саруар) – хореограф Никита Дмитриевский
Жусан (Көктің сыйы), Кармен (қызыл киген Кармен), Саломея (Иродиада), От қыз (Айсұлу) – хореограф Мукарам Авахри
Корсар – Жайқалған бақ (Медора) - хореограф Мариус Петипа
Клеопатра (Клеопатра) - хореограф Николай Маркелов
Жизель (Мирта), Gaia, Love Fear Loss (екінші дуэт), Diversity, Қиялға бойлау - хореограф Рикардо Амаранте
Серенада (үшінші солист) – хореограф Джордж Баланчин
Контраст - хореограф Рубен Терранова
In the Middle, Somewhat Elevated - хореограф Уильям Форсайт
Щелкунчик (Араб қуыршағы) – хореограф Василий Вайнонен
Махаббат туралы аңыз - хореограф Юрий Григорович
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу (Қозы Көрпеш), Қар патшайымы (Қар патшайымы) – хореограф Георгий Ковтун
Ромео мен Джульетта (Леди Капулетти) – хореограф Владимир Яковлев
Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:
Қыз Жібектің қиялы - хореограф Мукарам Авахри
Аққу - хореограф Михаил Фокин
Бах - хореограф Рикардо Амаранте
Еліту - хореография Николай Маркелов
Марапаттар:
Өрлеу хореографиялық оқу орындарының халықаралық байқауының лауреаты (Алматы, 2009 және 2011 жж., бірінші жүлде)
Би олимпі Халықаралық байқауының лауреаты (Берлин, Германия, 2010 ж., 1 жүлде)
ІІІ Халықаралық балет әртістері байқауының «Заманауи хореографияны үздік орындағаны үшін» арнайы жүлдесінің иегері (Астана, 2016 ж.)
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының стипендиясы (2010 ж.)